Әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтау

Жыл сайын жер бетіне көктем келеді, есіктерін ашып, бірінші мерекелік елші болып әйелдер күні 8-Наурыз кіреді. Баршамыз алғашқы бәйшешектер мен бақытты әйелдер күлкісіне қуанамыз.

Жылдың ерекше айы Наурыз – көктемнің, гүлдер мен қуаныштың мерекесі!

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні, жылдағы ең әдемі мерекелердің бірі. Қымбатты және сүйікті әжелерімізге, аналарымызға, әйелдерімізге, қыздарымызға және әпкелерімізге таңдану сезімін, мойындау мен сыйластықты білдіретін тамамша күн. Олар медицина, білім, мәдениет, спорт, бизнес, ғылым сынды осы және өзге салаларда қызмет етіп, ең үздік нәтижелерге жету үшін бар күшін бағыттайды. 

Көктемнің басы бекерге әйелдер мерекесімен басталмайды және осында үлкен мән бар. Әйел деген мәңгілік пәк сезімдердің, таусылмайтын  рухани жарылыстың бұлағы. Халық түсінігінде әлемде үш жарық нұр бар деп біледі: біріншісі – күннің нұры, екіншісі – данышпандық нұры және үшіншісі – ананың нұры. Әйел –жақсылық пен нәзіктік көрінісі. Оларға жіңішке түйсік, айналадағы болып жатқан баршаға қамқор болу сезімі тән.

Көптеген әйелдер шығармашылық адамдары: олар ән айтады, билейді, қолөнермен айналысады және осымен қоршағандарын қуантады. Әйелдер – махаббат, сұлулық пен нәзіктіктің бейнесі.

Біздің ұжымда әйелдер әр түрлі салада еңбек етеді және үлкен жетістіктерге жетеді. Өзінің белсенді қатысуымен ОАТБ филиалының дамуына баға жетпес үлес қосып келеді. Осы күні ер адамдарымыз ұжымымыздың барша әйел қауымын құттықтайды. Дәл осылай, осы жылы да мереке құрметіне концерт ұйымдастырылып, одан кейін филиал директоры  Н.Ш.Сүлейменов шынайы ризашылығын білдіріп, әйел бақытын тіледі және барлық әйелдерге гүл мен сыйлықтар сыйлады.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана саясатының арқасында бүгінгі қоғамда әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінеді. Әйелдер қауымы экономиканың барлық салаларында Мемлекеттің гүлденуі мен дамуына ерекше үлес қоса отырып еңбектенеді.

«Әлемді сұлулық құтқарады» - деген сөз бар, демек, әлемді тек адамзаттың екінші жартысының аялы алақаны, нәзік иықтары мен жылы жүректері құтқарады. Құрметті ханымдар, мерекелеріңізбен!

 

 

«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының

ҚЖБ маманы

Алпысбаева Ақмарал