«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының жұмысшыларын жаңа кеңсеге көшіру

          Қазіргі уақытта заманауи адам өмірінің көп бөлігін жұмысқа арнайды. Ол бар уақытын өзінің жұмыс орнында өткізеді . Өзіне және өзінің жанұясына лайықты өмір деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Компанияда жұмысшының еңбек нәтижелерін жақсарту үшін еңбек факторларын жақсартуға қамқор болу және жұмыс үшін қауіпсіз және жайлы жағдай құру қажет. Тамаша жұмыс кеңестігі жұмысшылардың тиімділігін арттырады, жасампаздықты ынталандырады және жұмыс нәтижелеріне оң әсерін береді.

          2017 жылғы қыркүйекте «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалының Аппарат басқармасының қызметкерлері жаңа екі қабатты кеңсеге көшірілді.

           Қазіргі ғимарат барлық санитарлық-тұрмыстық нормаларға сәйкес құрылған, ыңғайлы және жақсы жабдықталған кабинеттер бар. Үлкен алаңды бөлмелер, ыңғайлы жұмыс орындары, жаңа жиһаз бен ауа баптағыштармен жабдықталған кең кабинеттер. Ғимараттың екінші қабатында қабылдау бөлмесі және филиал директоры мен оның орынбасарларының кабинеттері орналасқан, сондай-ақ тұсаукесерлер, жиналыстар, басшылықтың қызметкерлермен кездесулер өткізуге ыңғайлы конференц-залы бар. Ашық жұмыс кеңістігі жанында демалыс аймағы орналасқан, онда қызметкерлер бірге жұмыс істей алады идея алмасу үшін. Бірінші қабатта, кіре берісте қызметкерлермен ыңғайлы және шұғыл жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Қызметкерлермен жұмыс бөлімінің кең кабинеті орналасқан. Ғимарат сондай-ақ, қызметкерлердің түскі үзіліс кезінде жаңа заманауи асханалық құралдармен және барлық қажетті керек-жарағымен жабдықталған  үлкен асхана бар. Мұнда компания көп көңіл бөлетін әлеуметтік жауапкершілік жоғарғы көрсеткіші болып табылатын, филиал қызметкерлерінің жайлылығы үшін барлығын қарастырылған

          Сондай-ақ, компанияның маңызды оқиғалары мен басты жаңалықтарымен ақпараттандыру мақсатында, ғимараттың фойесінде орналасатын екі теледидар сатып алу жобалануда.

          «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Орталықтадырылған автотасымалдау базасы» филиалының қызметкерлері жаңа кеңсеге көшу жаңалығы қатты қуантты.

          «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС көп жылдық жұмыс тәжірибесі қызметкерлердің еңбек жағдайларын дамуына және жақсаруына әрдайым өз үлесін қосады. Өйткені, қазіргі компания қызметінің табыстылығы қызметкерлердің бірлігі, басшылық пен қызметкерлер арасындағы сенімді қарым-қатынастар, вертикал және горизонал байланыстарының сенімділігінен тәуелді. Филиалда басшылық бағалайтын және олардың кәсібилігі мен біліктілігін арттыруға ұмтылатын, бірегей адамдар жұмыс істейді.

           Жұмыс орындарда жаңа өзгерістер мен жайлылық үшін біздің басшылығымызға  өте  ризамыз. Жаңа кеңсе біздің тату ұжымымыз үшін бірыңғай ортақ кеңістік құрады. Компания жұмысының тиімділігін арттыруға күмән жоқ.

 

  

«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының

ҚЖБ басшысы

Жалмаханова Мәншүк