«СКК-Шиелі» филиалының нысандарын газдандыру

Ең арзан энергия тасымалдаушылардың бірі саналатын табиғи газбен жылыту тұтынушы үшін жайлы әрі ыңғайлы. Сонымен қатар, бұл өндірістік нысандарды жылыту шығындарын есептегенде, ең тиімді болып табылады.

2016 жылдан бастап Қызылорда облысының өңірлері табиғи газбен жабдықтала бастады. 2017 жылы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-тің «СКК-Шиелі» филиалы  автошаруашылықтың өндірістік нысандарын жылыту үшін табиғи газды алғашқылардың бірі болып қолдануғаа кірісті. Келесі жылдың өзінде автошаруашылық нысандарын газбен жабдықтау құрылысына жұмсалған шығындар ақталды.

Мұнымен тоқтап қалмай, 2019 жылы «СКК-Шиелі» филиалының басшылығы қалған нысандарды газдандыруды жалғастыруға шешім қабылдады. Жүкті ауыстырып тиеу базасының және басқа да автошаруашылық нысандарын газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. 2020 жылы осы нысандарды газдандыру мақсатында басталған құрылыс жұмыстары шілде айында аяқталды. Техникалық-экономикалық есептеулерге сәйкес, құрылыстың өзін-өзі ақтау мерзімі 3-3,5 жылды құрайды.