Шаттық, денсаулық пен табыс спартакиадасы

 

«СКК» ЖШС үшін осындай атаулы спорттық шараны өткізу өте маңызды болып табылады. Бұл үлкен бастаудың сәті, шаттық, денсаулық пен табыс мерекесі.

Компаниядағы көпшілік-спорттық шараны ұйымдастыру – жақсылықтың нышаны. Бұл жолғы спартакиадың «СКК» ЖШС «ОАТБ» сфилиалы үшін орны ерекше, өйткені Таукент кентінде өткен алғашқы спорттық мейрам. Осындай іс-шараны өткізу ұжымның корпоративті рухын көтеруге және қызметкерлерді спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.   

19 мамыр күні «Мыңжылқы» спорткешенінде «СКК» ЖШС Орталық аппараты мен филиалдары арасындағы IV Спартакиаданың салтанатты түрде ашылуы өтті. Бас инженер Асқар Амангелдіұлы Джаукенов ұжымды спартакиадының ашылуымен құттықтап, барлық спортшыларға табыс тіледі, сонымен қатар бұл спартакиада компанияның онжылдығына арналғанын атап өтті.    

 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жазда өтетін Спартакиадасына таңдау жасалатын бұл жарысқа 75 спортшы қатысты. Жарыс жеті спорт түрінен өтті: жеңіл атлетика, кіші-футбол, волейбол, баскетбол, теннис, шахмат, бадминтон.
 Үш күн ішінде барлық командалар осы жарысқа ұзақ уақыт дайындықпен келгендерін және айтулы жарыс күндерін асыға күткендерін дәлелдеді. Ұйымдастырушылар өз тарапынан компания қызметкерлері үшін  спорт мерекесінің жақсы өтуіне барыншы тырысты. 

Міне, жеңімпаздарды марапаттау уақыты да келіп жетті. Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «ОАТБ» филиалының спортшылары, екінші орынды – Орталық аппарат, үшінші орынды – «СКК-Шиелі» филиалы иеленді. IV Спартакиаданың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлері, кубок, медаль, мақтау грамоталарымен марапатталды.  

«ОАТБ» филиалының директоры Насыр Шәкенұлы Сүлейменов барлық жарысқа қатысушыларға шынайы сайыс және жеңіске деген талпыныстары үшін, ал «СКК» ЖШС басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Сонымен бірге  салтанатты түрде  «СКК» қызметкерлері арасында өткен IV Спартакиаданы жабық деп жариялады.   

«ОАТБ» филиалының ұжымы қызметкерлерді осы жеңіспен құттықтай отырып,  олардың қуаныштарына ортақ екенін, сондай-ақ оларға спортта, жұмыста және жеке өмірде бұдан да үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдіреді!

 

Дайындаған:

«СКК» ЖШС «оАТБ» филиалының ҚЖБ басшысы

Жалмаханова Мәншүк

Фото: Курманбеков Талант