Наурыз – бұл 22 наурызда ұлыстың ұлы күнінде тойланатын, жаңа өмірдің, жаңа жылдың басталуы, табиғаттың жаңаруы, көктем мерекесі.
Наурызды ресми мерекелеу күнінен бастап ол елімізде кең тойланатын, мереке мағынасын біріктіретін, маңызды мерекелердің бірі. Бұл мереке бізге ғасырлар қойнауынан келген адам мен табиғат ынтымақтастығы мен Шығыс Жаңа жылының символы. Ежелден бұл мереке бейбітшілік пен жақсылық, достық пен құрмет, жаңа үміт пен жаңарту хабаршысы болып саналады.
Осы жылы Наурызды тойлауға Таукент кентінің барлық тұрғындары келді. Мерекенің салнанатты ашылуы қасиетті Қыдыр ата сөзінен, Таукент кентінің әкімі құттықтауынан басталды, кейіннен басты алаңда үлкен концерттік бағдарлама басталды. Жас тұрғындар мен балалар ән шырқады, би биледі, ұлттық ойындар ойнады. Осы күні Таукент кентінің тұрғындары мен қонақтары мереке құрметіне молшылық пен берекені білдіретін көп тағам жасады. Басты алаңда киіз үйлер орнатылып, мерекелік дастархан жайылды. Мерекелік дастархандағы басты тағам болып «Наурыз көже» ұлтттық тағамы берілді.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалы ертеден мерекеге дайындалды және мереке күні басты алаңда киіз үй орнатты. Кент тұрғындары мен «ОАТБ» жұмыскерлері балаларымен келіп, киіз үйге кірді және меркелелік дастархандағы тағамдармен қуана-қуана дәм татыды. «ОАТБ» филиалы «Созақ» Қайта тиеу базасының «Наурыз көжесі» мен дастарханы басқа ұйымдардың киіз үйлері ішінен 2-ші орынды алды. Филиал жұмыскерлері үшін «Наурыз мейрамы» әсерлі және еске қаларлықтай болып шықты.
Жылдан жылға бұл дәстүр жұмыскерлер үшін, сондай-ақ кент тұрғындары үшін маңызды және кең ауқымды өтеді және бұл «ОАТБ» ұйымшыл ұжымы мен «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС басшылығы, сондай-ақ «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіби одағы» БО үлкен еңбегі.
«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалы
ПЖБ маманы
Акмарал Алпысбаева