Мемлекеттік тілді білу – патриоттық міндет

 

Тіл – кез-келген ұлттың жаны. Қазақ тілінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі баршаға аян. Мемлекеттік тіл – мемлекет аумағындағы барлық қоғамдық қатынас аясында қолданылатын мемлекеттік басқару, заңнама, сот ісі мен іс-жүргізу тілі.

Тілді меңгеруге ортаның да әсері бар. 2006 жылдың 19 сәуірінен бастап «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалында Сергей Сергеевич Шевченко теміржол учаскесінде тепловоз машинисінің көмекшісі қызметін атқарады. Сергей Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жанатас қаласында дүниеге келген және өскен. Орыс орта мектебін аяқтаған. Қазақ тілін бала кезінен меңгереді. Мектеп жасынан қазақ ұлтының салт-дәстүрлерімен таныс. Сергейдің қазақ тілді меңгеруі аса қиындық тудырмады, себебі қазақ ортасында өсіп, құрдастарымен үнемі тілдесуінің салдарынан оның тілді меңгеруі нығая түсті. Сергейдің сөзіне қарағанда, әріптестерімен қазақ тілінде сөйлескен ұнайды. Қазақ тілін жақсы түсінеді және сол тілде жауап беруге тырысады. Сергей: «мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әр азаматының міндеті» - деп санайды. 

 

 «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының

ҚЖБ жетекші маманы

Г.Т.Оралбекова