Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде «Жұмысшы мамандық - өндірістік әлеуеттің негізі» атты облыстық семинар-практикум өтті. Іс-шара Қызылорда облыстық оқу орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинарға аудандық әкімдік, білім беру ұйымдары мен өндірі орындарының өкілдері, соның ішінде «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұнқар» филиалының мамандары қатысты. Қонақтар филиалдың өндірістік базасында болып, өндірістік практикадан өтіп жатқан студенттердің тәжірибесімен танысты.
Кездесу қорытындысы бойынша, кәсіби даярлығымен көзге түскен колледж түлегіне «Шиелі-Сұнқар» филиалының директоры жұмысқа жолдама табыстап, оны экскаватор машинисі ретінде жұмысқа қабылдады.
Семинар біліммен өндіріс арасындағы байланысты нығайту жолында маңызды қадам болды. Қатысушылар тәжірибеге бағытталған оқыту тәсілінің маңыздылығын атап өтіп,алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендерін білдірді.