Кеңес: уран өндіру секторында көлік-логистикалық тізбектердің тиімділігін қалай арттыруға болады

12 маусымда Шиелі ауданында «KAP Logistics» Компаниясының бастамасымен «Уран өндірісі саласының транспорт-логистикасын оңтайландыру» тақырыбына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа аудан Әкімінің орынбасары Ысмагулов Б.А., аудандық Мәслихат хатшысы Тұрабаев М.Ө., аудандық актив мүшелері, депутаттар, халық белсенділірі мен атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Жиналыстың негізгі мақсаты Шиелі ауданында уран өндірісі саласының көліктік логистикасын оңтайландыру бағытында «Кесек күкіртті тиеп-жөнелту нысанын» салу жоспары жөнінде халықты хабардар ету.

Қазіргі кезеңде республика бойынша  күкірт қышқылының 80%-ын отандық уран өндірсі пайдаланады. Дегенмен, әлемдік үрдіске сай күкірт қышқылының гидрометаллургияда және тыңайтқыштар шығаруға кеңінен қолданылуына байланысты алдағы кезеңде оның тапшылығы күтілуде. Сол себептен отандық күкірт қышқылы өндірісінің қуатын арттыру қажет. Осы мақсатта, Түркістан облысының Созақ ауданында өндіріс қуаты жылына 800 мың тонна «Тайқоңыр күкірт қышқылы зауытын» салу жоспарланған. Осы зауытқа шикізат ретінде жылына 270 мың тонна кесек күкіртті қабылдап жеткізетін нысанды Шиелі кентінің өндіріс аймағында іске қосу жоспарлануда. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде отандық күкірт қышқылы нарығының импортқа тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін болады. Ал, Шиелі елді мекені арқылы тасымалданатын күкірт қышқылының көлемі 6 есеге кеміп, оның экологиялаға кері әсері де азаяды және күкіртті тиеп-жөнелтетін жаңа жұмыс орнында қосымша жұмыс орындары ашылады.

Жиналысқа қатысушылар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, аталған жобалардың заңнама талаптарына сай орындалуына және уақытылы іске қосылуына тілектерін білдірді.