"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Омбудсмені "СКК" ЖШС "ОАТБ" филиалының еңбек ұжымымен кездесті
Қазатомөнеркәсіптің омбудсмені Болат Жылқышиев Сауда-көлік компаниясының Орталықтандырылған автотасымалдау базасы (ОАТБ) филиалынының еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында омбудсмен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатысушыларға өзінің негізгі қызметі туралы әңгімелеп берді. Ұжыммен кездесудегі мақсат – омбудсменге жеке жүгіну үшін әр қызметкерге мүмкіндік беру екенін де атап өтті. Әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуге көмек көрсету бойынша өтініш білдірген кезде құпиялылықты сақтаудың маңыздылығына айрықша тоқталды. Кездесу соңында омбудсмен бұдан былай оған телефон нөмірі бойынша немесе электрондық пошта арқылы ОАТБ филиалының хабарландыру тақталарында көрсетілген мекенжай бойынша хабарласу мүмкіндігін еске салды. |