Бос лауазымның атауы:«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы менеджері

Бос лауазымның атауы: - «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы менеджері 

Бос лауазымның атауы: «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы менеджері 

Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша

Түйіндемелерді қабылдау 2017 жылдың 9 мен 22 қарашасы аралығында жүзеге асырылады.

 

І."Лауазым туралы ақпарат":

Лауазымдық міндеттері:

Еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жобалар мәселелері бойынша жұмыс жоспарларына сараптама жүргізу, сондай-ақ, құрылыс барысында жобалық шешімдер орындалуын бақылауды жүргізу, объектілерді қабылдау жөніндегі жұмыс комиссиялар құрамына қатысу;

Бекітілген тексерістер жоспарына сәйкес «СКК» ЖШС филиалдарында кешенді, мақсатты және оперативті тексеруге қатысу, сондай-ақ госкомиссияға (келісім бойынша) қатысуға;

Нұсқаулықтар, регламенттер, әдістемелік нұсқаулар мен ережелер, еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғаужды әзірлеуге қатысу;

Кәсіби қауіпсіздік және қызметкерлердің денсаулығын сақтау саласында Саясатты білу және қолдану;

ЕҚ, РҚ, ҚҚ және ҚОҚ, сондай-ақ «СКК» ЖШС Саясат пен Мақсаттар экология және кәсіби қауіпсіздік саласында мәселелерін насихаттауды жүргізу;

МС ИСО 14001:2004, OHSAS 18007:2007 менеджмент жүйелерінің ішкі және сыртқы инспекциялық аудит жүргізуге қатысу;

Кәсіпорында және оның бөлімшелерінде еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, қызметкерлерге белгіленген жеңілдіктер мен еңбек жағдайлары бойынша өтемақы сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

Белгіленген нысандар бойынша және тиісті мерзімдерде еңбекті қорғау бойынша есептілікті құру;

 

ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары кәсіптік- техникалық білім

Тілдерді меңгеруі:  Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office бағдарламаларын тамаша білу.

Қосымша талаптар–Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу , мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда лауазымында кемінде 3 (үш жыл) немесе кемінде 1 (бір) жыл Серіктестікте немесе  «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде жұмыс істеуі .

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы менеджері лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.