Бос лауазымның атауы: Өндірісті қамтамасыз ету департаменті Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі қызметтің маманы
Бос лауазымның атауы: Өндірісті қамтамасыз ету департаменті Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі қызметтің маманы
Түйіндемелерді қабылдау 2018 жылдың 3 мен 16 сәуірі аралығында жүзеге асырылады.
- «Лауазым туралы ақпарат»:
Лауазымдық міндеттері:
- «СКК» ЖШС орталық аппараттына оқытуға немесе тәжірибеге келген студенттер мен оқушылар, іссапардағы қызметкерлер, барлық жұмысқа жаңадан қабылданғандармен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқаулар жүргізу;
- Құзыреттілік мәселелері бойынша басқа ұйымдармен шарттар жасау және жүргізу;
- Еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жұмыс жоспар жобаларына сараптама жүргізу, сондай-ақ құрылыс барсында жобалық шешімдерді орындауды жүргізуді бақылау, объектерді қабылдау бойынша жұмыс комиссия құрамына қатысу;
- Бекітілген тексеру жоспарына сәйкес «СКК» ЖШС филиалдарын кешенді, мақсатты және жедел тексерулерде қатысу, сондай-ақ мемкомиссияларда (келісім бойынша) қатысу;
- Еңбекті қорғау, радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулар мен жағдайлар, регламенттер, нұсқаулықтарды құруда қатысу;
- Компанияның орталық әрдайым әрекет етуші эмтихан комиссиясы жұмысына қатысу;
- Жұмыскерлердің денсаулығын сақтау және кәсіби қауіпсіздік саласында Саясатты білу, және қолдану;
- ЕҚ, РБ, ҚҚ және ҚОҚ , сондай-ақ экология және кәсіби қауіпсіздік саласында «СКК» ЖШС Мақсат пен Саясат мәселелерін насихаттауды жүргізу;
- МС ISO 14001, 9001 және OHSAS 18001 менеджмент жүйесін ішкі және сыртқы инспекциялық аудит жүргізуге қатысу;
- Құпияны сақтау, құпиялылық тәртіп талаптарын сақтау.
- Еңбекті қорғау бойынша қызметкерлерге белгіленген жеңілдіктер мен өтемақы ұсыну үшін еңбекті қорғау бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді кәсіпорында және оның бөлімшелерінде сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
- Жұмыс орындарда еңбек жағдайын зерттеу, өндірістік факторлардың қауіпті және зиян әсерінен қорғанудан қоршау техникасы, сақтандыру және қоршау қондырғылары, басқа да қорғау құралдары одан жетілген құрылымды әзірлеу және енгізу туралы ұсыныстарды дайындау және енгізу;
- Тексеру жүргізуге қатысу, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, машиналар мен механиздердің техникалық жағдайын, желдеткіш жүйелерінің жұмыс тиімділігін, санитарлық-техникалық құрылғылардың жағдайы, санитарлық-тұмыстық үй-жайлар, қызметкерлердің ұжымдық және жеке қорғану құралдарын тексеру,
- Олардың нормативті құқықтық акт талаптарына сәйкестігін айқындауға қатысу және апатқа әкелуі мүмкін немесе қызметкер денсаулығына және өміріне қауіп төндіретін бұзушылықтар анықталған кезде, цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында өндіріс, жабдықтар және машиналарды пайдалануды тоқтату бойынша шараларды қолданады;
- Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес өндірістік жабдықтар және жұмыс орындарын аттестациялау және сертификаттау бойынша жұмыстарды өзге де кәсіпорын бөлімшелерімен жүргізу;
- Өндірісте жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулардын алдын алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге, еңбекті қорғау бойынша нормативті құқықтық акт талаптарына дейін оларды жетілдіру және жағдайларын жақсарту қатысу, сондай-ақ әзірленген іс-шараларды орындау бойынша ұйымдық көмек көрсету;
- Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөлімін жасауға, өндірістік жарақаттану, кәсіби және өндірістік-келісілген аурулар болған жағдайда тергеуге, оның себептерін зерттеу, олардың алдын алу іс-шараларды жүргізу тиімділігін айқындауға қатысу;
- Бекітілген нысандар мен тиісті мерзім жөніндегі радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бойынша есептілікті құру;
- Сондай-ақ ЕҚТҚҚ маманы кәсіпорын бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетуге міндетті:
- Еңбек қаіпсіздік стандарттарының жүйесі, ҚОҚ және РБ бойынша нұсқаулықтарды қарастыру және құрастыру кезінде қатысу
- Презентациялар жасау.
II. «Іздеу үшін ақпарат»
Үміткерге қойылатын талаптар:
Тілдерді меңгеруі: Мемлекеттік тіл – еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін,сауатты.
Компьютермен жұмыс жасау дағдылары: ПК тәжірибелі қолданушы.
Білімі: Жоғары кәсіби білімі.
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қосымша талаптар – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер. Мүмкіндігінше жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
ПI. Кәсіби құзыреттілігі:
1 Құзырет (Қазақстан Республикасы нормативті-құқықтық актілер және заңнаманы білуі);
2 Құзырет (РҚ пен ҚОҚ мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды білуі);
Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша.
Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Сатып алу бөлімінің маманы лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovattk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме жолдау қажет.
Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Келіп түскен түйіндеме саны - 2.
Кәсіби тестілеуден өткен кандидаттар саны - 2.
Консурстық комиссияның шешімі бойынша өтінімнің барлық талаптарына тиісті, бір кандидатты жұмысқа қабылдау туралы шешімі қабылданды.