Бос лауазымның атауы: Әкімшілік – кадрлық басқармасының маманы (уақытша жоқ қызметкерді алмастыру)
Түйіндемені қабылдау 2018 жылдың 31 мамыр мен 13 маусым аралығында жүзеге асырылады.
- «Лауазым туралы ақпарат»:
Лауазымдық міндеттері:
- «СКК» ЖШС іс-қағаздарын жүргізу (шығыс пен кіріс хат-хабарларды тіркеу және жіберу). Электронды құжат айналым жүйесіне құжаттарды құруды және сақтауды қамтамасыз ету;
- Келісімшарттарды өңдеуді жүзеге асыру (журналға тіркеу, парафирлеу, сканерлеу мен тарату және электронды құжат айналым жүйесіне енгізу;
- Негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды, тендер бойынша бұйрықтарды өңдеуді жүзеге асыру (тіркеу, сканерлеу мен тарату және электронды құжат айналым жүйесіне енгізу);
- «СКК» ЖШС мекенжайлары бойынша факсимильдік хабарламаларды қабылдауды және жіберуді, сондай-ақ сыртқы және ішкі құжаттарды таратуды жүзеге асыру;
- Бекітілген номенклатураға сәйкес, «СКК» ЖШС орталық аппаратының барлық құрылымдық бөлімшелерінде істерді қалыптастыруды және олардың рәсімдеу дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;
- «СКК» ЖШС рұқсат қағаздарын уақытылы жіберілуін қамтамасыз ету;
- «СКК» ЖШС орталық аппаратын хат және бұйрық бланкілерімен уақытылы қамтамасыз ету. «СКК» ЖШС фирмалық бланкілерінің шығындарын бақылауды және есепке алуды жүргізу;
- Құжат айналым көлемі бойынша талдау жүргізу;
- «СКК» ЖШС орталық аппаратының істер номенклатурасын өзектендіру, және «Казатомсервис» филиалының істер номенклатурасын әзірлеу;
- Мұрағатқа тапсыру үшін құжаттардың «істерге» уақытылы рәсімделуін жүзеге асыру (тізім жасау, «істердің» барлық томдарды нөмірлеу оның ішінде келісімшарттар, бұйрықтар, өкімдер, сенімхаттар және т.б.);
- Мұрағатқа келіп түскен, құжаттарды сақтауды ұйымдастыру және сақталауын қамтамасыз ету;
- «СКК» ЖШС орталық аппараты құрылымдық бөлімшелердің құжаттарын оларды мұрағатқа тапсыру кезінде рәсімдеу және қалыптастыру дұрыстығын тексеру;
- Құрылымдық бөлімшелерден мұрағатқа сақтауға келіп түскен құжаттарды қабылдау және тіркеу;
- Мемлекеттік сақтауға істерді тапсыру үшін актілерді дайындау;
- «СКК» ЖШС мөрлерді және мөртабандардың сақталуын қамтамасыз ету;
- «СКК» ЖШС курьерлік пошта қызметтерін көрсетуге бюджетті қалыптастыру;
- Курьерлік пошта қызметтерін көрсетуге қаржылық жоспардың орындалуын бақылау;
- «СКК» ЖШС курьерлік пошта қызметтеріне төлемге қаржылық құжаттарды дайындау;
- «СКК» ЖШС қызметкерлері үшін авиа және теміржол билеттерін алу бойынша қызметтерді ұсынуға бюджетті қалыптастыру;
- Авиа және теміржол билеттерін алу бойынша қызметтерді ұсынуға қаржылық жоспардың орындалуын бақылау;
- Авиа және теміржол билеттерін алу бойынша қызметтерді ұсыну үшін төлемге қаржылық құжаттарды дайындау;
II. «Іздеу үшін ақпарат»
Үміткерге қойылатын талаптар:
Тілдерді меңгеруі: Мемлекеттік тіл – еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.
Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушысы
Білімі: Жоғары білім
Қосымша талаптар - Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ басқа да функционалдық міндеттерді орындау үшін лауазымы қажетті білімдер бойынша міндетті.
ІІІ.Кәсіби құзыреті:
1 Құзырет ( Қазақстан Республикасының заңнамасы, басқа нормативті құқықтық актілер негіздерін және физикалық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік мәліметтерді білу)
Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша
Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы» деп көрсетіп, usauranbaevattk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме жолдау қажет.
Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.