Бос лауазымның атауы: Қауіпсіздік қызметінің менеджері (жұмыс орны- ОҚО, Созақ ауданы, Таукент к., «СКК» ЖШС-ның «ОАТБ» филиалы кеңсесі)

Бос лауазымның атауы: Қауіпсіздік қызметінің менеджері (жұмыс орны- ОҚО, Созақ ауданы, Таукент к., «СКК»  ЖШС-ның «ОАТБ»  филиалы кеңсесі)

Бос лауазымның атауы: Қауіпсіздік қызметінің менеджері

Түйіндемелерді қабылдау 2017 жылдың 9 мен 18 қазаны аралығында жүзеге асырылады.

І."Лауазым туралы ақпарат":

Лауазымдық міндеттері:

-күзет аймағында күзетілетін объектілерді тәулік бойы бақылауды жүзеге асыру жағдайын техникалық қамтамасыз ету (қоршаулар, бақылау-өткізу пункттері, жедел байланыс құралдары мен техникалық қорғау);

-күзет бөлімшесінің аумағында объектілерді өткізу және ішкі объектілік режим ережелеріне сәйкес қызметін бақылауды жүзеге асыру;

-объект қызметкерлерін өткізу режимі бойынша нұсқау ережелер өткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ іс-сапарға жіберілген адамдар мен келушілерге;

-құқық бұзушылық, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлау, құпия мәліметтерді жария ету, құжаттар мен бұйымдар жоғалуы осындай мәліметтерді қамтитын басқа да бұзушылықтарды, сондай-ақ объектілерде қоғамдық тәртіп бұзушылық және өзге де құқыққа қайшы іс-әрекет қызметтік тексерулер фактілері бойынша қатысу;

-объектілердегі қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шаралар қабылдауға, құқық бұзушылықтың жолын кесу бойынша шараларды жүзеге асыруға және алдын алу, соның ішінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен, жергілікті атқарушы билік әкімшілігі және қоғамдық құрылымдармен өзара әрекеттесу

 

ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:

Тілдерді меңгеруі:  Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office бағдарламаларын тамаша білу.

Білімі: Жоғары кәсіптік білім (мүмкіндігінше заңгерлік).

Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда лауазымында кемінде 3 (үш жыл) немесе кемінде 1 (бір) жыл Серіктестікте немесе  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде жұмыс істеуі.

Қосымша талаптар – Сертификаттар, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу , мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер.

ІІІ. Кәсіби құзыреті:

1 Құзырет (Қазақстан Республикасының заңнамалық негіздерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және физикалық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік материалдарды білу) ;

2   Құзырет (қауіпсіздік жұмыстарын ұйымдастыру бойынша дағдылар);

3  Құзырет (ұйымның корпоративтік нормалар мен ережелер жоспарларына сәйкес ұсыныстар жасай білу).

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Қауіпсіздік қызметінің менеджері лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.

 

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Келіп түскен түйіндеме саны - 1.

Кәсіби тестілеуден өткен кандидаттар саны - 1. 

Консурстық комиссияның шешімі бойынша өтінімнің барлық талаптарына тиісті, кандидатты жұмысқа қабылдау туралы шешімі қабылданды.