28 қыркүйекте Қазақстанда Атом саласы қызметкерлерінің күні тойланады. Атом өнеркәсіп қызметкерінің күні –біздің елімізде осы салада еңбек ететін мамандардың кәсіби мерекесі.
Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қазақстандық күнтізбеде пайда болуы атом саласы біздің еліміздің экономикасында маңызды рөл атқаратындығы куәландырады.
2017 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлері күніне арналған «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиал қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті. «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің Бас инженері А.А. Джаукенов Атом саласы қызметкерлер күнімен барлық қызметкерлерді құттықтап және өзінің кәсіби қызметінде қол жеткізген жетістіктері үшін марапаттар табыс етті. «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің мақтау қағазы мен алғыс хаттары 35 қызметкерлерге берілді және құрмет төсбелгісімен 2 қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар, бұл күні, 2017 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент қаласында Атом саласы қызметкерлерінің күніне орай «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың «Жыл қызметкері-2017» гала концерті өтті. Бұл концертте «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалының қызметкерлері қатысты. «Қазөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасының төрағасы Ғ.О.Пірматов барлық қызметкерлерді құттықтап және «Жыл қызметкері-2017» байқауының финалистерін марапаттады. Марапаттаудан кейін Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтті. Нағыз мерекелік күн болды!
«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының
ҚЖБ жетекші маманы
Орманова Ұлдана