Қазіргі экономикалық талаптарда өндірістік үрдістің тұрақтылығын қамтамасыз ету, нарықтың молықтырылғандығы мен үдемелі бәсекелестік кезінде жұмыс көлемін уақтылы орындау Компания жетістігінің маңызды факторларының бірі болып табылады.
«СКК» ЖШС 2015 жылды тұрақты өндірістік көрсеткіштермен және өндіріс көлемін уақтылы орындаумен аяқтады.
«СКК» ЖШС-нің «ОАТБ» филиалы кеелсідей көрсеткіштер бойынша қорытынды шығарды:
- Жүктерді өңдеу– 773 171,4 тонна, жоспар бойынша - 758 278 тонна;
- Жүктерді тасымалдау – 129 317,1 тн/шқ, жоспар бойынша – 119 462,5 тн/шқ;
- Авто қызметтер –218 371 маш/сағ, жоспар бойынша – 186 581 маш/сағ.
Жыл бойында өндіріске энергия мен жылу ресурстарын үнемдейтін жаңа технологиялар енгізілді, сыртқы өндіріс аймақтары толық жарықтандырылды, коммуникация желілері автоматтандырылды. «ОАТБ» филиалының қызметкерлерінің жұмыс орындары қысқаруы, жалақының кідіруі немесе төлемеуі секілді жағдайлар жыл ішінде тіркелмеді, керісінше, жұмыс орындары толықтырылды. Мәселен жыл басында 77 адам жұмысқа қабылданды. 2015 жылдың басында жұмыскерлер құрамы 741 адам болса, 2015 жылдың соңында «ОАТБ» филиалы бойынша 779 адамды құрады.
Жыл соңында филиал мықты өндіріс базасымен жарақталды және 223 дана автотехника, оның ішінде жүк паркі – 68, шаруашылық паркі – 29, автобустық парк – 42, арнайы парк – 52, жеңіл -17 және ЖҚМ паркі – 32. Сонымен бірге, филиалда кірме жолдардағы жұмысқа арналған ТЭМ-2У және ТЭМ-2 маркалы маневрлік тепловоздары бар.
«Таукент» және «Қыземшек» автошаруашылықтарының тиімділігін арттыру мақсатында «АТП-3000» бағдарламасы енгізілді. Теміржол учаскесінің қызметтерін жақсарту үшін «ТЖУ-100» бағдарламасы енгізілді. Бағдарлама автокөлік жұмысына тіркеу жүргізу және түрлі көлемдегі автопарктері бар кәсіпорындармен жұмыс жасауға арналған. Енгізілген бағдарлама кәсіпорын жұмысына үнемі бақылау жасауға, сонымен бірге шығындарды құру үрдісіне әсер етуге көмектеседі.
Инвестициялық жобаларды іске асыру аясында, еңбек тиімділігін арттыру және филиалдағы жұмыскерлердің жұмыс жағдайын жақсарту мақсатында, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қолдауымен 2015 жылы түрлі өндірістік объектілердің құрылысы жүргізілді. Мысалға, «Таукент» автошаруашылығында екі қабатты жаңа әкімшілік тұрмыстық ғимарат тұрғызылды және қолданысқа берілді. Жаңа әкімшілік тұрмыстық ғимаратта жұмыскерлер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған: жаңа жиһаз, асхана заттары, душтар, киім шешетін бөлмелер, мәжіліс-залы бар. «Қыземшек» және «Таукент» автошаруашылықтарында жылы бокстар мен автокөліктерге жанармай құю станцияларында жанармай құю бағаншаларына қалқандар салынды.
Осылайша, «ОАТБ» филиалы жыл қорытындысы бойынша барлық соңғы үлгідегі қажетті өндірістік құрылыстармен, көлік құралдарымен, қоймалармен, жұмыскерлер үшін асханалармен, алғашқы медициналық жәрдем орталықтарымен, күзет посттарымен, бейне бақылау жүйелерімен, өртке қарсы дабыл жүйелерімен жарақталды.
«СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалы жылды негізгі қызмет бойынша келесідей өндірістік көрсеткіштермен аяқтады:
- Жүктерді өңдеу –609 853 тонна, жоспар бойынша – 623 520 тонна;
- Жүктерді тасымалдау – 57 757,7 мың тн-шқ, жоспар бойынша – 45 011,5 мың тн-шқ;
- Авто қызметтер – 266 139 маш/сағ, жоспар бойынша – 257 419 маш/сағ.
2015 жылы «СКК-Шиелі» филиалының ішкі құрылымын жақсарту мақсатында, жаңа объектілер салынды. Олар:
- «Шиелі-Тайқоңыр» автомобиль жолын IV категорияға ауыстырумен қалпына келтіру – 6 309 865 460,8 тг.
- Мыңқұдық кеніші (ПВ-19) аумағындағы тұз бен құм үшін қалқан құрылысы – 17 610 387,2 тг.
- «Шиелі-Тайқоңыр» автожолының 55 шқ автономды фотоэлектрлік станция құқрылысы – 38 373 532,9 тг.
- «Автокөлікті техникалық байқау цехы» шатырын жөндеу – 7 296 428,6 тг.
- «6 боксқа жылы тұрақ» шатырын жөндеу – 6 846 428,6 тг.
Жыл қорытындысы бойынша «СКК-Шиелі» филиалы жыл сайын заманға сай құралдармен, автотракторлы техникамен жаңаратын және жарақталатын мықты өндірістік базасымен жарақталды. Филиалдың меншігінде 185 дана автотехника бар, оның ішінде жүк паркі – 53, шаруашылық – 28, автобусты – 27, жеңіл – 10, арнайы парк – 39 және ЖҚМ паркі -28. Сонымен бірге, филиал балансында ТЭМ-2 маркалы маневрлік тепловоз және кірме жолдардағы маневрлік жұмысқа арналған Унимог 400 «Мерседес-Бенц» локомобилі бар.
«СКК» ЖШС «Казатомсервис» филиалының жыл бойындағы жұмыс қорытындысын шығара келе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарына қызметкерлерді автокөліктермен тасымалдау қызметтерін көрсетуі туралы келесідей айтуға болады.
Жыл бойында филиал автомашиналарды кезең-кезеңмен жаңартып отырды, мысал ретінде Қазақстан Республикасында жасалған «Ssang Yong Rexton» маркалы жоғары жылдамдықты комфортты автотехникалар алынды. Осылайша, жыл соңында филиал автопаркінде жоғары жылдамдықты, комфортты шағын автобустарды және туристтік автобусты қоса алғанда 31 дана автокөлік құралы бар.
Филиал үнемі автомашиналарды жүргізетін жүргізушілерге ерекше көңіл бөледі. Олар күн сайын, алмасу алдында медициналық тексеруден, рейске шығар алдында техникалық тексеруден өтеді. Сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау кезінде ЖҚЕ мен ТҚ ережелерін сақтауға қатысты механиктен нұсқау алады.
Бірлесе отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі уран өндіруші кәсіпорындар үшін негізгі ТМҚ-мен үздіксіз жабдықтау және жеткізу үрдісін қамтамасыз етуге тырысамыз. Барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, жұмыс жасап жатқан адамдардың еңбегін қауіпсіз ету үшін қызмет етеміз.
«СКК» ЖШС 2015 жылы әлемдегі қауіпті жағдайға баланысты, объектілердің қорғалуын нығайту жұмыстарын жүргізді. Лаңкестікке қарсы іс-шаралар аясында, «СКК» ЖШС-нің «СКК-Шиелі» және «ОАТБ» филиалдарында лаңкестік пен діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарына арналған жиындар өткізілді. Онда «СКК-Шиелі» және «ОАТБ» филиалдарының еңбек ұжымдары өкілдері, сонымен қатар «Қорған-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «Құтқарушы-Таукент» ЖШС, Шиелі және Созақ аудандық ішкі істер бөлімдерінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат және дін істері бойынша басқармасы, сонымен қатар Шиелі және Созақ аудандарының ішкі саясат бөлімінің атынан ресми тұлғалары қатысты.
Жиналысқа қатысушылардың саны 200 адамнан асты.
Жиналыстың спикерлері өз баяндамаларында діни экстремизм мен лаңкестік секілді жағымсыз құбылыстары бар қауіптерді ерекше екпінмен мәлімдеді.
Жұмыскерлер ресми тұлғаларға белсенді түрде сұрақтар қойып, тиісінше толық жауаптар алды.
Өткізілген жиналыстардың нәтижесінде «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің әрбір қызметкері қырағылық танытып, осы бағыттағы алдын-алу жұмыстарына қоғамдық белсенділік танытуы және қатысуы тиіс.
Жиналысқа қатысушылар саяси тұрақтылықты, халықаралық келісімді қамтамасыз ету мен барлық қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған ел басшысының саясатын бір ауыздан мақұлдады.