Наурызбен кездесуге біздің ата-бабаларымыз тыңғылықты дайындалған – шаруашылықты ретке келтірген, арықтарды тазалаған, сәнді киімдерді тіккен, жомарт тағамдарды дайындаған. Наурыздың керемет дәстүрлерінің бірі – ағаштарды отырғызу. Ежелден тойлау дәстүрлі ескі рәсімнен басталған – таң шапағын қарсы алу. Үлкен кісілер, жастар және балалар қолдарына күрек пен кетмендерді алып, су көздері – бұлақтарды, арықтарды тазалаған. Ал жастар ақсақалдардың бастауымен ағаштарды отырғызған.
Ата-бабаларымыздың ізгі дәстүріне сүйене отырып, 21 сәуірде бас директор Даурен Аширбекович Кунанбаев бастауымен СКК ұжымы Зеленый квартал аумағында салынып жатқан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаңа ғимаратына қарама-қарсы 75 қалыптасқан теректерді отырғызды. Сол күні бұлтсыз шуақ күнімен қуантты және өзінің сүйікті қаласын асылдандыруға өз үлесін қосуға барлық келгендерді жұмысқа бауралады.
«Ағаштарды отырғызу әрқашан жаңа бастауды білдіреді және бұл нағыз мәні ерекше және толғанған салт. Себебі, жас көшет – бұл жаңа өмір! Астана – бұл біздің туған қаламыз және біздің тамаша қаламыз одан әрі көркем және жасыл болу үшін, біздің міндеттіміз жасыл қорды үнемі толықтыра отырып, бар ағаштарымызды сақтап қалу, сондықтан ағаш отырғызу мәселесіне бар байыптылықпен қарау маңызды», - деп Даурен Аширбекович бұл бастаманы қолдауға ұжымды шақырды.
Ағаш отырғызу әрқашан жақсы әсер әкеледі. Бір жағынан , бұл қаланы көгалдандыру, екінші жағынан, біз ұзақ жылдарға өзіміздің «отбасылық» тұмарымызды салу мүмкіндігі. Және осы жылы СКК үшін бұл шыныменде символды, себебі осы жылы бізді жаңа ғимаратқа көшу күтіп тұр, және барлық қызметкерлер бұл кезеңді асыға күтуде. Сондай-ақ біздің астанамыз таза және көркем, бастысы тұруға қолайлы болғанын қалаймыз», - деп өз ойымен Жалпы мәселелер жөніндегі Бас директордың орынбасары Куаныш Алтынбекович Омарбеков бөлісті.
СКК бұл үлкен отбасы және біздің топтық жұмыс тиімділігіміз компанияның жетістігі үшін әрбір күш-жігерін салған қызметкерлерге тәуелді екенін түсінуі. Әрбір қызметкердің жеке бастамасы мен жан-тәнімен беріліп жұмыс істеу өте маңызды. Әрбір қызметкер ортақ іске қосқан өзінің бірегейлігімен бұл істі бағалы етті.
Ешбір күмәнсіз, алдағы өмірімізде ұжым есінде жылы естелік болып қалады, ал «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаңа ғимаратының терезелерінен ағаштарды тамашалап, көзімізді қуантып тұрады және біздің махаббатымыз бен ұйымшыл тату ұжымызды есімізге түсіреді.