Бос лауазымның атауы: «Сауда – көлік компаниясы» ЖШС бухгалтерлік есеп басқармасының менеджері (уақытша болмайтын қызметкерді алмастыру)

Бос лауазымның атауы: «Сауда – көлік компаниясы» ЖШС бухгалтерлік есеп басқармасының менеджері ((уақытша болмайтын қызметкерді алмастыру)

Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша

Түйіндемелерді қабылдау 2017 жылдың 25 қазан мен 7 қараша аралығында жүзеге асырылады.

 І. «Лауазым туралы ақпарат»:

Лауазымдық міндеттері:

1)салық есебін жүргізу бойынша жұмысты орындау , ҚР Кодексінің талаптарына сәйкес «салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер, ұйымның салықтық есепке алу саясатында өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, қолданыстағы нұсқаулықтар, ережелер, бұйрықтар және ҚР заңнамасы» дұрыс құру және дер кезінде салық есептілігін тапсыру;

2)тоқсандық және жылдық есептілігін дұрыс құрау, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша ағымдағы төлемдердің есеп айырысу, соның ішінде жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - ЖЗҚ) және әлеуметтік сақтандыру қоры бойынша төлемдер, қолданыстағы ҚР заңнамасына сәйкес, оларды салық және басқа да уәкілетті органдарға белгіленген мерзімде беру.   

3) № 46 «Бюджетпен және бюджеттен тыс қорлардың есеп айырысу  жағдайы туралы есеп»; №51 «Қорлар және құнсыздану» қосымшаның нысаны бойынша ұйымның жылдық және тоқсандық қаржылық есептілігін құрау;

4)ірі салық төлеушілер бойынша мониторингі тоқсандық және жылдық есептілікті сенімді құрау;

5) «Галактика» БК жүйесінде есеп айырысу салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша бухгалтерлік шоттарды дұрыс және уақытылы есепке алу;

6)ұйымның салық салынатын табыс мақсатында салық тіркелімдерін толық және дәйекті ақпарат қалыптастырылуын қамтамасыз ету, шығыстар баптарының кесіндісінде шығындарды , сатып алынған тауарлар бойынша айналымдар, негізгі құралдар және материалдық емес активтер, жұмыстар және қызметтер , қосылған құн салығы бойынша сомалар, есепке алуға қабылданған, сондай-ақ оларды «Галактика» БК дұрыстығын көрсету, кейіннен электрондық түрде салық есептілік тіркелімдерін дұрыс қалыптастыру;

7)салық есептілігі саясаты қабылданған салықтық есепті барлық нысандарға қажетті салық тіркелімдері жасау;

8)ұйымның бастапқы құжаттамасын салық салынатын табысты айқындау кезінде шегерімге жатқызылатын сәйкестігін жүйелі түрде тексеру;

9)салық органдарына ұсынылған салықтарды есептеу және бюджетке төлемдер жасау бойынша нақты деректер декларациялар бойынша алшақтықтар деректер анықталған жағдайда, жоғарыда аталған салықтар  мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша түзету декларациялар жасау және салық органдарына ұсыну;

10)салық салынатын айналым ҚҚС бойынша декларацияда көрсетілген ҚҚС бойынша қаржылық есептілік (қосымша 2-нысан) және корпорациялық табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі-КТС) жыл сайын және тоқсан сайын алдын-ала салыстыруды жүргізу.

11)КТС декларация бойынша және ҚҚС бойынша декларация көрсетілген тиісті қосымшаларда сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер жыл сайын және тоқсан сайын алдын-ала салыстыруды жүргізу.   

12)тоқсан сайын бухгалтерлік есепті салық есебімен салыстырып тексеруді жүзеге асыру салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдарды есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бойынша жүргізу;

13)жоспарланған салық сомаларын есеп айырысу тексеруді жүзеге асыру, экономика қызметтері және жоспарлауды ұйымдастыру кезінде болашақ жылдарға арналған ұйымның бюджеттерін дайындау;  

14)салық органдарының сұрау салулары бойынша алдын ала сомасын уақытылы және дұрыс мәліметтерді жасау және есеп айырысуын қамтамасыз  ету, нақты деректер негізінде немесе жоспарланған деректер қызметтерінің экономика және жоспарлау ұйымдастыру;

15)бюджетке салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төленуін уақтылы жүргізу, ұйымның қаржылық  қызметіне төлем үшін негіз болып табылатын құжаттарды құру және ұсыну, ай сайын салық сомалар жоспары бойынша жүктеме ұйымның болжамды түсімдердің нақты сомасы бойынша төленген ауытқуларды талдау жүргізу.

16)ұйымның дербес шоттары бойынша салық есептеу мен төлем дұрыстығын көрсетуін қамтамасыз ету, тоқсан сайын ұйымның дербес шоттарын салыстырып тексеру бойынша бюджетке төленетін салықтардың және төлемдердің барлық түрлерін жүргізу ; 

17) салық органдарынан салық берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы, міндетті зейнетақы жарналары берешекгі бойынша және әлеуметтік аударымдар бойынша анықтаманы уақытында алу, сондай-ақ талаптар шамасы бойынша өзге де анықтамалар және басқа да құжаттар;

18)салық органдары ұйымды деректі, камералдық және қарсы тексерулер кезінде жедел жүргізуін жүзеге асыру. Ұйымдарға шығарылған камералдық бақылау нәтижелері бойынша қосымша салық есептілігін немесе салық органдарының хабарламасына жауаптарын уақтылы ұсынуға міндетті.

19)қажет болған жағдайда уақытылы шағымдану , салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама;

20)ұйымның Салықтық есепке алу саясатын жасау және өзгерістер енгізу;

21)салық органдарымен салық салу мәселелері бойынша хат-хабар алмасу;

22) салық заңнамасының өзгерістерін қадағалау және ұйымның салық есебінде өзгерістерді қолдану;

23)басшыларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік және салықтық есеп пайдаланушыларды салықтық есепке алу және есеп беру салыстырмалы және сенімді ақпарат алуын қамтамасыз ету;

24)ҚР заңнамасымен қарастырылған бастапқы құжаттарды рәсімдеу және сақтаудың белгіленген тәртібін (салық декларацияларын) сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ қосымша ақпарат (құрастырылған кестелер, жиынтық кестелер мен анықтамалық парақтарды) негізінде жүргізілген салық есептілігін құрастыру;

25)өзінің жұмыс орын қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оның ішінде криптографиялық кілттер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған салық есептілігін электрондық форматта жіберу жүргізілуі;

26)электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға пайдаланылатын криптографиялық кілттерді жария етпеу және құпия сақтау;

27)ақпарат құпиясын сақталуын , құпиялылық режимінің талаптарын сақтау;

28)«СКК» ЖШС басшылығының тапсырмасы бойынша өзге тапсырмаларды өз құзыретілік шегінде әр түрлі мәселелерді орындау.

ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі:Жоғары кәсіптік білім-Бухгалтерлік есеп және аудит/ Экономика/Қаржы

Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі - еркін. Орыс тілі – еркін.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: БК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office (Word , Excel) бағдарламаларын тамаша білу, СЕӨЖ, Салық төлеушінің кабинеті, Галактика БК.

Қосымша талаптар – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу , мамандану лауазымына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін, сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер .

Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда лауазымында кемінде 3 (үш жыл) немесе кемінде 1 (бір) жыл Серіктестікте немесе  «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде жұмыс істеуі .

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Бухгалтерлік есеп басқармасының менеджері лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.