Бос лауазымның атауы: «Сауда – көлік компаниясы» ЖШС Өндірісті қамтамасыз ету департаментінің Өндірістік бөлімінің маманы (уақытша болмайтын қызметкерді алмастыру)

Түйіндемелерді қабылдау 2017 жылдың 10  мен 19 қазаны аралығында жүзеге асырылады.

 І. «Лауазым туралы ақпарат»:

Лауазымдық міндеттері:

-ISO 9001:2008, ISO 14001:2004, OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарттар талаптарын орындау және «СКК» ЖШС интеграцияланған жүйесін басқару құжаттамасын сақтау;

-мердігерлердің объектілерін салу және жөндеу барысында техникалық ерекшелігін әзірлеу және конкурстық құжаттама пакетін анықтау бойынша дайындауға қатысу;

-жұмысты жүргізу бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету;

- «СКК» ЖШС басшылығымен өткізілетін кеңестерде жедел және өзге де қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау;

-мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді дұрыс және толық орындалуын бақылау;

-жұмыстарды жүргізу барысында бақылау жүргізу; Барлық қажетті есептіліктерді уақтылы және дәл жасау ; Құпиялық режимінің құпиялығын сақтау талаптарын орындау;

-компания мен өнім берушілер жұмыстарын орындалу шарттарына сәйкес өндірістік процесс жоспарын жедел басқаруын жүзеге асыру;

-өнім берушілермен шарт жасасу , жұмыс талаптары және орындау мерзімдері жөнінде келісу;

-жоғары тұрған бақылаушы ұйымдардың бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқауларын орындауын жүзеге асыруын бақылау;

-шоттарды тексеру мен олардың уақытылы төленуін ұсыну.

II. «Ақпарат іздеу үшін» 

Үміткерге қойылатын талаптар:

Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office бағдарламаларын тамаша білу.

Жұмыс тәжірибесі - Жоғары кәсіптік білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар – Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу , мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер .

ІІІ. Кәсіби құзыреті:

1 Құзырет  («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚ, «СКК» ЖШС ішкі нормативтік – құқықтық актілер талаптарының қызметін реттемелеуші);

Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Өндірістік бөлімінің маманы лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.