«Экономика» түсінігі бізге Ежелгі Грециядан келген. Гректер үшін экономика үймен етене байланысты болған. Шаруашылықты қалай реттеу және отбасының кірісі мен шығысын есептеу – ата-бабаларымызды ғана емес, белсенді дамып келе жатқан дүниемізде бізді де қызықтырады.
Біздің компаниямызда, «СКК» ЖШС-нің «СКК-шиелі» филиалында, өз өмірін экономикамен балйаныстыра келе 9 жыл бойы компанияның кірісі мен шығысына бақылау жүргізіп, филиалдың қаржы-шаруашылық қызметін жоспарлаумен айналысқан Машрапұлы Жылқайдар жұмыс жасаған.
Оның тарихы 1971 жылы басталған, Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Ленин атындағы колхозда мектепті аяқтағаннан соң Машрапұлы Жылқайдар өз колхозында екі жыл бойы колхозшы болып жұмыс жасайды.
Жоспарлар құрып, болашағы, алдағы өмірі туралы армандайды. Ауылда жұмыс жасап, колхоз еңбегінің ауыртпалығы мен тауқыметін сезіне келе, Жылқайдар 1973 жылы Алматы Қазақ Қызыл Ту Орденді ауыл шаруашылық институтына түседі және 1978 жылы оны табысты бітіріп шығады.
Ойланбастан, Жылқайдар өз ауданына қайта оралды, осы жерде оның ауыр күндері, өз тағдырын аудан және өз елінің экономикасымен байланыстырған адамның еңбек күндері күтті. Осы жерде, жас маманның жан дүниесі ашылады, институтта алған барлық білімін пайдаға асырады.
1978 жыл мен 2000 жыл аралығында ол Шиелі ауданының Коммунизм және Ленин атындағы колхоздарында экономист қызметінде жұмыс жасайды.
2001 жылдан бастап Жылқайдар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың жүйесінде №6 кен басқармасының автошаруашылығында Жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы қызметіне келеді. «СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының ашылуы аралығында, 2007 жылы Жоспарлау-экономикалық бөлімінің басшысы қызметіне қабылданады.
2014 жылдан бастап GPS құрылғыларын қолдану арқылы «Автошаруашылықтардың қызметі тиімділігін арттыру бойынша шешімдер енгізу» және «АТП-3000 жобасы» бағдарламасын енгізу арқылы басты бизнес процестерді автоматтандыру» ауқымды жобасына қатысады. Оның мақсаты Автошаруашылықтардың пайдалану шығындарын есепке алу және оларды төмендетуге бақылауды жетілдіру болып табылады.
Аталған жоба автокөлік жұмысын есепке алуға және кәсіпорындағы құжат айналымын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Барлық шаралардың нәтижесінде көліктерге, оның ішінде ЖЖМ, қосалқы бөлшектерге қолданыс, көлік құралдарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету шығындары елеулі төмендеді.
Жылқайдар бұл жобаны енгізу және оны іске асыру үрдісіне белсенді қатысты, өз кәсіби құзыретін жоғары деңгейде көрсете білді, көлемді ақпаратты игеру, ұйымдастырушылық қабілетін сараптауға, сондай-ақ байланысқа бейімділігі мен шыдамдылығын танытты. Жобаны іске асыру қорытындылары бойынша алған білімін жеңіл түрде қарамағындағы жұмыскерлерге жеткізе білді.
СКК-дағы жемісті 9 жыл еңбегінің ішінде Машрапұлы Жылқайдарды сенімді, талантты, ақылды және жауапты қызметкер ретінде бағалауға болады.
Бүгін, Жылқайдар аға зейнеткерлік жасқа жетті, жақында 63 жасқа толды, және лайықты демалысына кетуді шешті. Зейнеткерлік демалысына шығуына балйанысты, СКК ұжымы Машрапұлы Жылқайдарды құттықтайды және компанияның дамуына қосқан жеке үлесі, адал және қажымас еңбегі үшін алғыс айтады. Алға қойған мақсаттарға табысты жету, стратегиялық мақсатқа жету, кәсіпорынның қаржы және экономикалық басымдылығын түсіну, көрсетілген бастамашылық пен басшылығындағы бөлім жұмысын ұйымдастырудағы жоғары нәтижелерге жеткені үшін құрмет көрсетеді. Сізге және Сіздің жақындарыңызға табыс, бақыт, амандық пен денсаулық тілейміз!
Материалды дайындаған:
«СКК» ЖШС ӘКБ менеджері К.Черкашинамен бірге
«СКК-Шиелі» филиалының кадрлар жөніндегі маманы Р.Мавлютдинова