KAP Logistics-тің жас мамандары аудан әкімінің алғыс хатына ие болды

Әр жылы 12 тамызда атап өтілетін Халықаралық жастар күніне орай «KAP Logistics» ЖШС-нің «Шиелі-Сұңқар» филиалының екі жас қызметкері Шиелі ауданы әкімінің алғыс хатына ұсынылды. Бұл марапат олардың еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігіне берілген әділ баға болып отыр.

Марапат иелері:

  • Қасымжан Орынбасар– автошаруашылықтың авто жөндеу шеберханасының шебері
  • Қосжан Ақәділ– шаруашылық паркінің жүргізушісі.

Аталған жастар өздерін сенімді, белсенді әрі кәсіби мамандар ретінде көрсетіп, компанияның дамуына үлес қосып келеді.

«KAP Logistics» компаниясының ұжымы жас мамандарымызды мақтан тұтып, болашақта да табысты еңбек жолын тілейді!