Байқаушы кеңестің мүшесі
Эльдар Ниханов 1985 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматы.
Эльдар Ниханов Томск политехникалық Ұлттық Зерттеу университетін, Физика-техникалық институтын «Қауіпсіздік және ядролық материалдарды таратпау» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Мәскеу инженерлік-физикалық институты» Ұлттық ядролық зерттеу университетін «Ядролық материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-нда бастап, түрлі лауазымдарда, оның ішінде Қауіпсіздік департаментінің (Физикалық және ядролық қауіпсіздік департаменті) маманы, менеджері, бас менеджері, бөлім бастығы, бас сарапшысы болып қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қауіпсіздік департаментінің директоры.