Байқаушы кеңестің мүшесі
Қазақстан Республикасының азаматы. 1970 жылы туған.
Манас Ысқақов Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Физика және педагогика» мамандығы бойынша, сонымен қатар Томск политехникалық ұлттық зерттеу университетін «Уран өндіру және өңдеу кәсіпорындарының технологиялары» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Қызылорда облыстық санэпидстанциясында Радиациялық гигиена бөлімінің инженер-физигі қызметінен бастады. 2001 жылдан 2005 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ГРК» ЖШС Рудоуправление-6 филиалының Радиациялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2005 жылдан 2020 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да ЕҚОҚД жетекші менеджері, бас менеджері және ЕҚОҚД директоры ретінде түрлі лауазымдарды атқарды.
2020 жылғы мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры (HSE) болып қызмет атқарады.