"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басшысының Таукентке сапары

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың басқарма төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысына келіп қайтты.

2016 жылғы 23 маусым күні Ұлттық атом компаниясының басшысы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалында болды. Жиналысқа «СКК» ЖШС-нің «ОАТБ» және «СКК-Шиелі» филиалдарының басшылары мен жұмыскерлері қатысты.

«Таукент» автошаруашылығында өткен жұмыс жиналысы барысында «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Бас директоры Дәурен Әшірбекұлы Құнанбаев «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің 2016-2025 жылдарға арналған даму жоспарын және «СКК» ЖШС-ін логистикалық 4PL-операторына  трансформациялау  жобасын таныстырды.

Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар туралы баяндамаларды қарастыра келе, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың басқарма төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Бағдарлама материалдары бойынша бірнеше ұсыныстар жасады. Талықлауды аяқтағаннан кейін, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Бас директоры Дәурен Әшірбекұлы Құнанбаев «2016 жылға Трансформациялауға «СКК» ЖШС Бас директорының жеке қатысу жоспарына» қол қойды.

Қорытынды сөзінде, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың басқарма төрағасы Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің ұжымын  үздік нәтижелері, қызметі үшін алғыс айтып, алдағы еңбекте табыстар тіледі. 

 

«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының

ҚЖБ басшысы

Жалмаханова Мәншүк