2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Сауда-көлік компаниясы" ЖШС-де KAP 08 жобасы аясында SAP автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Онымен бірге SAP HCM модулі енгізілген.
SAP ERP HCM құралдары – кадрлар қызметіне арналған мамандандырылған жүйе. Ол қызметкерлерді күнделікті есепке алудан, жалақыны есептеуден, жалпы бизнеске қатысты стратегиялық шешімдер қабылдағанға дейін олардың барлық ықтимал есептеулері мен ұсталымдарынан кешенді және синхрондалған міндеттер бір мезгілде шешілетін ортаны білдіреді.
SAP HCM енгізгенге дейін қызметкерлерді басқару процестерінің барлық операциялық қызметі қолмен орындалып келді, бұған көп уақыт кететін. Қызметкерлерге қатысты барлық ақпарат қағазда және папкада жинақталды. SAP HCM-ді енгізумен қызметкер бойынша талдау жүргізуге, сондай-ақ сапалы және тиімді шешімдер қабылдауға уақыт пен мүмкіндіктер пайда болды. SAP HCM енгізу кезеңінде қызметкерлер бойынша деректерді өзектендіру жүргізілді, кестелер қайта қаралды, қызметкерлерді басқару бойынша референттік моделге сәйкес процестер, есептер стандартталды.
Бұл бағдарламада операциялардың жылдамдығы мен өнімділігіне зиян келтірмей, кәсіпорынның барлық пайдаланушылары бір мезгілде жұмыс істей алады. Тағы бір ерекшелігі, SAP HCM-де Excel-де деректерді жүктеудің қажеті жоқ, интерфейс жүйеде деректерді көруге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы кәсіпорында алғаш рет SAP HCM-дегі қызметкерлер бойынша 2019 жылы кешенді бағалау жүргізілді: әрбір әкімшілік қызметкер мен ИТҚ үшін жүйеде жеке кабинет қолжетімді. Үстіміздегі жылы оқыту және дамыту, порталдық сервистер (өзіне-өзі қызмет көрсету сервисі), сыйақыны басқару модульдерін енгізу міндеті тұр.