Бас директордың сатып алу және бизнесті қолдау жөніндегі оры
Функционалдық міндеттері: «Самұрық-Қазына» АҚ стандарттарына және «KAP Logistics» ЖШС-нің ішкі құжаттарына сәйкес сатып алу, бизнесті ресурстық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бизнеске тиімді қолдау көрсету, оны арттыруға ықпал ететін «KAP Logistics» ЖШС ресурстарына ұқыпты және ақылға қонымды қатынасты қалыптастыру мақсатында қорларды басқаруға және жетекшілік етуге жауапты болады, мемлекеттік және жергілікті органдарда «KAP Logistics» ЖШС-нің мүдделерін білдіреді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) мемлекеттік және жергілікті органдарда «KAP Logistics» ЖШС мүдделерін қорғау және ілгерілету, имиджді және қолайлы әлеуметтік ахуалды қалыптастыру, қолдау және жақсарту мақсатында «KAP Logistics» ЖШС құжаттамалық қызметін басқарады, орталық аппаратта әкімшілік-шаруашылық функцияларды жүргізуді қамтамасыз етеді, қызметтің заңдылығын сақтауды қамтамасыз етеді, қысқа, орта және ұзақ мерзімді мақсаттарға және қызметтің жоспарланған бизнес-көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында «KAP Logistics» ЖШС-нің құқықтық мүдделерін қорғайды.
Білімі: Шет тілдер және іскерлік мансап университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген (2016 жыл), Алматы қ.
Еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі 9 жылдан асады. Еңбек жолын 2014 жылы «РУ-6» ЖШС-нде бастады және 2019 жылға дейін Жоспарлау-экономикалық бөлімнің маманы, Материалдық-техникалық жабдықтау және сатып алу бөлімінің инженер-комплекторы, Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі бастығының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «KAP Logistics» ЖШС-нде басшылық лауазымдарда жұмыс істейді, соңғы атқаратын лауазымы - Сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау департаментінің директоры.
«KAP Logistics» ЖШС Қадағалау кеңесінің 2023 жылғы 13 қарашадағы № 19 шешімімен «KAP Logistics» ЖШС Бас директорының сатып алу және бизнесті қолдау жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.