Рамазанов Дархан Булатұлы

Бас директор

Функционалдық міндеттері: «KAP Logistics» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) жарғысына, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Серіктестіктің Даму бағдарламасымен оның  өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне жалпы басшылықты бизнес-қызметке озық тәсілдер мен практикаларды, ғылыми-техникалық жетістіктер мен инновациялық жобаларды енгізу, Серіктестік қызметінен пайда алу және жедел басқару мен бақылау тиімділігін арттыру мақсатында корпоративтік басқару практикасын және персонал қауіпсіздігі жүйесін дамыту жолымен жүзеге асырады, қоғам жүйесі кәсіпорындарына уақтылы көліктік-экспедициялық қызмет көрсету, қызметтің негізгі көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне, стратегиялық бастамаларға, сондай-ақ Серіктестік қатысушыларының басқа да үміттеріне қол жеткізу.

Білімі: И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, «Экономист-менеджер» мамандығы (2010 жыл), Мәскеу қ.; Zoni School  (2011 жыл), Cambrige ESOL мамандығы, АҚШ Майами.

Еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі 15 жылдан астам. Еңбек жолын 2008 жылы «Ижорск құбыр компаниясы» ЖШҚ маманы болып бастаған. 2012 жылдан 2014 жылға дейін «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ менеджері, 2014 жылдан 2016 жылға дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ талдаушысы, сарапшысы, 2016 жылдан 2018 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының көмекшісі, кеңесшісі болып жұмыс істеді. 

2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС-нде қызмет атқарды. Соңғы лауазымы Бас директордың орынбасары.

«KAP Logistics» ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысының 2023 жылғы 28 шілдедегі № 5 шешімімен «KAP Logistics» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды.