Наурыз - бес мың жылдан аса тойлап келе жатқан қазақтардың, сондай-ақ Азия халықтарының жылдың басты мейрамы. Наруыз - бұл көктем мерекесі, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың басталуы. Ол көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінде, 22 наурызда тойланады.
Наурызды ең үздік халық салт-дәстүрлерімен тойлау бүгінгі таңда тарихи және әлеуметтік-мәдени маңызы зор. Өйткені, біз Наурызбен тек табиғаттың жаңаруы мен жаңдануын байланыстырып қоймай, сонымен қоса бастауға оралу мен өткенге құрмет, жақсыға ұмтылу, адамгершілік, жанда және үйде тәртіп, жақындар мен туған-туыстарға мейірімділік қарым-қатынаста болуды байланыстырамыз. Наурыз рәсми танылған күннен бастап елімізде кеңінен атап өтетін маңызды біріктіруші мерекелердің біріне айналды. Бізге ерте ғасырдан келген және шығыс Жаңа жылының символы болып табылатын, ежелден бейбітшілік пен мейірімділік, достық, құрмет, жаңа үміт және жаңарту жаршысы деп саналатын табиғат пен адамның бірлігі туралы мереке. Қазіргі уақытта «Наурыз мейрамы» жалпыхалықтық көктем, еңбек және бірлік мерекесі. Бүгінгі таңда бұл мейрам Қазақстанда тұратын қазақтар, украиндер, орыстар, немістер және басқа да 130 ұлт өкілдеріне бірдей қымбат.
Наурыз мейрамын тойлауға Таукент кентінің барлық тұрғындары - үлкеннен кішіге дейін келді. Салтанат Әулие Қыдырдың тілек сөзден басталды, Таукент кентінің әкімінің құттықтауы, кейіннен әртүрлі спорттық ойындар бойынша жарыстар өтті: еркін күрес, қазақша күрес және т.б. Кенттің тұрғындары мен қонақтары Наурыз мерекесінің құрметі үшін молшылық пен берекені әкелетін көптеген тағамдар дайындады. Басты алаңында киіз үйлер орнатылып, ақ дастарқан жайылды. Мерекелік дастарханда басты тағам болып «Наурыз көже» ұлттық тағамы дайындалды. Мерекенің концерттік бағдарламасында әр түрлі жастағы бишілер, әншілер, музыканттар көрермен алдында өз шеберліктерін көрсетті.
«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалы мерекеге алдын-ала дайындалып, мереке күндері басты алаңға өздерінің киіз үйлерін тікті. Ауыл тұрғындары мен филиал жұмыскерлері киіз үйлерге кіріп, мерекелік дастарханнан дәм татты. Осындай тамаша күні, ұйымның өзге киіз үйлерінің арасында «Қыземшек» автошаруашылығының дастарханы мен наурыз көжесі 1-ші орынға иеленді. «Наурыз мейрамы» мерекесі әсерлі және есте қаларлықтай болды. Бұл «СКК» ЖШС басшылығының, ОАТБ ұжымының, сонымен қатар 2017 жылы «Наурыз мейрамы» мемлекеттік мерекесін тойлауға қажетті қаражат бөлген «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС кәсіподағының арқасы.
Құрметті Таукент тұрғындары мен қонақтары! Наурыз біздің сүйікті кентіміздің өркендеуіне ақ ниеттеріміз қабылданып, әр үйге молшылық пен береке әкелсін, болашаққа сенімділігімзді нығайтуын әкелсін. Сіздерге бақыт, берекет және аманшылық тілейміз! «Наурыз құтты болсын!»
«СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының
ҚЖБ маманы
Алпысбаева Ақмарал