EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу – Қазақстанның басты ұлттық жобаларының бірі. Орасан зор шараны еліміздің астанасында ұйымдастырудың бастамасы Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. ЭКСПО көрмелерінде әлемнің барлық елдері өздерінің ең жақсы технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсететін болады. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізуге өзекті тақырып, ел президентінің – «Болашақтың энергиясы» ұсынысы ықпал етті.
Атақты ресурс үнемдеуші технологиялардың бірі күн энергиясын қолдану болып табылады. 2012 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен еліміздегі тұңғыш фотоэлектрлік модульдерді өндіруші зауыт «Astana Solar» ЖШС іске қосылды. Фотоэлектрлік модульдерді өндіруші «Astana Solar» ЖШС – Қазақстандық кремний негізінде фотоэлектрлік модульдер өндіру» жобасын іске асырушы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны.
Тұрмыстық және өндірістік қажеттіліктер үшін күн сәулесін игеру мүмкіндігі «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС басшылығы үшін Шиелі-Тайқоңыр автомобиль жолындағы жол-пайдалану пунктіне (әрі қарай –ЖПП) автономды фотоэлектрлік станция (әрі қарай – ФЭС) құрылысы бойынша шешім қабылдауына басты себеп болды. ЖПП – жолдардың тиісті көлік-пайдалану жағдайын қамтамасыз ететін жұмыскерлерге жылу және түнде орналасуы үшін арналған.
ЖПП ФЭС-тың жобалау-сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) жобалаушы ұйым «Жоғары технологиялар институты» ЖШС-мен жасалған. ЖСҚ-ға сәйкес ФЭС кешеніне: күн батареялары, қайта жасаушы подстанция, ішкі аумақтық электро желілері кіреді. Күн батареяларының басты модульді элементі «Astana Solar» ЖШС-нің өнімі, 48 дана фотоэлектрлік жинақтамалар.
ФЭС жұмысының қағидасы күн сәулесінің тұрақты ток электроэнергиясына түрленуіне негізделген. Шығу күші-бір фазалық 220 В, күн батареяларының қуаты –11,04 кВт, аккумулятор батареяларынан 1 кВт қуатымен жұмыс жүктемесінің уақыты 31,2 сағат.
ЖПП ФЭС құрылысы 2015 жылғы қыркүйекте басталды және 2015 жылғы желтоқсанда объектінің құрылысы аяқталды.
Астана қаласында әлемнің 100 елі өкілдерінің қатысуымен EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу қарсаңында, Қазақстан Республикасның экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы, халықаралық ілгерілеуі жолында бұл жобаны іске асыру «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС үшін үлкен жетістік болды.