Құрметті демалысқа шықты

Құрметті демалысқа шықты

 

«СКК-Шиелі» филиалының ұжымы Айдарбек Қожатаевты құрметті демалысқа шығарып салды.

Айдарбек Әбдіразақұлы теміржолшылар отбасында дүниеге келген. 1977 жылы әскерден оралған соң Локомотив машинистерін даярлайтын техникалық мектепке оқуға барды. Оны аяқтағаннан кейін Батыс Қазақстан темір жолының жол жөндеу шеберханасына слесарь болып жұмысқа орналасып, машинист көмекшісі және тепловоз машинисі болды. 1982 жылдан бері Қазатомөнеркәсіп жүйесінде жүк тасушы, құюшы, машинист көмекшісі сияқты түрлі жұмыстарды атқарды. 2007 жылдың сәуір айынан бастап «СКК-Шиелі» филиалында еңбек етті. Оның негізгі жұмысы маневрлік тепловозды басқару, вагондардың тасымалдау базасының жүк фронттарына дер кезінде берілуін және жиналуын қамтамасыз ету болды.

Қожатаев Айдарбек – табысты қызметкер, жас әріптестердің тәлімгері. Еңбекқорлық, зейінділік, шыдамдылық, пайдалану үдерістерін талдай білу – осы қасиеттердің барлығы оған жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге, ұжымда беделге және құрметке лайық болуға көмектесті. Адал және жемісті еңбегі үшін 2016 жылы Айдарбек Әбдіразақұлы «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының ІІІ дәрежелі төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар, ол тамаша гүл өсіруші ретінде танылып, өндірістік учаскелер аумағын көгалдандыру мен эстетикалық безендіру жұмыстарына белсенді қатысты.

СКК ұжымы өз ардагер, еңбек озаттарын әрқашан мақтан тұтады және Айдарбек Әбдіразақұлының алдағы бастамаларына сәттілік тілейді!