Байқаушы кеңестің мүшесі
Ольга Мазурова 1966 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматшасы болып табылады.
Ольга Мазурова Алматы энергетикалық институтын «Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен қалаларды электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы МКҚ және Еңбек Министрлігі жанындағы Республикалық салааралық біліктілікті арттыру институтын «Өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.
1988-1999 жылдары «Қостанайгорселпроект» Мемлекеттік жобалау институтында, «Космополитен» ЖШС, «Қазақстан Газавтосервис» АҚ, «Дриада» ЖШС және басқа да кәсіпорындарда түрлі лауазымдарды, оның ішінде 3 санатты инженер, бухгалтер және бас бухгалтер лауазымдарын атқарды.
1999 жылдан 2020 жылға дейін «Тау-кен компаниясы» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті Салық саясаты, салық есебі және салық есептілігі бөлімінің бас маманынан бастап бастығына дейін әртүрлі лауазымдарды атқарды.
Ольга Мазурова Кәсіби бухгалтер, DipIFR ACCA және CIMA Сертификаттарына ие.
2023 жылдың тамыз айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Салық департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келеді.