Дархан Сағындықов

Байқаушы кеңестің Төрағасы

Дархан Сағындықов 1985 жылы туған және Қазақстан Республикасының азаматы.

Дархан Сағындықов М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, Қазақ спорт және туризм академиясын және Президент жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті» ЖМ «Самұрық-Қазына» АҚ Сатып алуды ұйымдастыру департаментінің менеджері (аутсорсинг секторы) қызметінен бастады.

2011-2022 жылдары «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Кедентрассервис» АҚ-нда түрлі лауазымдарды атқарды, оның ішінде Сатып алуды бақылау және талдау департаментінің, Ақпараттық мониторинг департаментінің бас менеджері, Сатып алу әдіснамасы және мониторингі департаментінің (Қазақстандық қамту департаменті) менеджері, Коммерция департаментінің директоры, Сатып алудағы бағалардың мониторингі және маркетингі департаментінің директоры, Қамтамасыз ету жөніндегі Басқарушы директор (СЕО-1), Басқарма Төрағасының кеңесшісі және Сатып алу және жабдықтау департаментінің директоры.

2022 жылдың шілдесінен 2023 жылдың қазанына дейін KMG International (Ромпетрол) сатып алу тобының (Group Procurement Director) директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы қарашадан 2024 жылғы ақпанға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әкімшілігі Аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2024 жылдың наурыз айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры болып табылады.