Бос лауазымның атауы: Қауіпсіздік бойынша қызметтің менеджері (жұмыс орны ОҚО, Созақ ауданы, Таукент к. «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының кеңсесінде)
Бос лауазымның атауы: Қауіпсіздік бойынша қызметтің менеджері
Түйіндемелерді қабылдау 2018 жылдың 12 мен 25 қаңтары аралығында жүзеге асырылады.
- «Лауазым туралы ақпарат»:
Лауазымдық міндеттері:
- Күзетілетін объектілерді техникалық қамтамасыз ету аймағында тәулік бойы күзет бақылау жағдайын жүзеге асыру (қоршаулар, бақылау-өткізу пункттері, жедел байланыс құралдары мен техникалық қорғау);
- Өткізу ережелеріне және ішкі объектілік режиміне сәйкес, объектілер аумағында күзет бөлімшесінің қызметін бақылауды жүзеге асыру;
- Объектілерінің қызметкерлерін, сондай-ақ іссапарға жіберілген адамдар мен келушілер өткізу режимі ережелері бойынша нұсқау өткізуді қамтамасыз ету;
- Құқық бұзушылық, ұрланған тауарлық-материалдық құндылықтарды жария ету, құпия мәліметтер, құжаттар мен бұйымдар жоғалуы осындай мәліметтерді қамтитын басқа да бұзушылықтарды, сондай-ақ қоғамдық тәртіп бұзушылық және объектілерде өзге де құқыққа қайшы іс-әрекет фактілері бойынша қызметтік тексеру жүргізуге қатысу;
- Объектілердегі қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шараларды қабылдау, құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру, соның ішінде, құқық қорғау органдары, әкімшілік және жергілікті атқарушы билік және қоғамдық құрылымдармен өзара іс-қимыл жасау.
ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:
Үміткерге қойылатын талаптар:
Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.
Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office (Word. Excel) бағдарламаларын білу.
Білімі: Жоғары кәсіптік білім (мүмкіндігінше заңгерлік).
Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларында кемінде 3 (үш) жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл және/немесе, Серіктестікте немесе «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде басшылық лауазымдарында кемінде 1 (бір) жыл.
Қосымша талаптар - Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу, мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ басқа да функционалдық міндеттерді орындау үшін лауазымы қажетті білімдер бойынша міндетті.
ІІІ.Кәсіби құзыреті:
1 Құзырет ( Қазақстан Республикасының заңнамасы, басқа нормативті құқықтық актілер негіздерін және физикалық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша әдістемелік мәліметтерді білу)
2 Құзырет (Қауіпсізік бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәжірибесі)
3 Құзырет (Корпаративті нормалар мен қағидаларға сәйкес ұйымдастыру жоспарына ұсыныстарды өңдей білу)
Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша
Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде Тәуекел менеджменті және бизнесті басқару бойынша бөлімінің басшысы» деп көрсетіп, Babilkasovattk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме жолдау қажет.
Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Келіп түскен түйіндеме саны - 1.
Кәсіби тестілеуден өткен кандидаттар саны - 1.
Консурстық комиссияның шешімі бойынша өтінімнің барлық талаптарына тиісті, кандидатты жұмысқа қабылдау туралы шешімі қабылданды.