«Дені саудың-жаны сау»

Соңғы уақытта салауатты өмір салты күннен сайын тек жастар арасында ғана емес, сонымен қатар бүкіл қоғам арасында кең насихатталуда, салауатты өмір салтытың маңызды бөліктерінің бірін құрайтын, әрине спортпен шұғылдану болып табылады. Көпшілігіміз біздің өмірімізде спорт қаншалықты елеулі рөл ойнайтынын тіпті ойланбайды. Әрине, спортпен шұғылданудың басты және негізгі себебі-ол денсаулық. Жүйелі түрде физикалық жүктеме-бұл салауатты өмір салты мен жасы ұлғайған сайын денсаулықпен байланысты қиындықтардың болмауының кепілі. Спортпен шұғылданатын адамдар олардың иммунитеті вирустар мен әртүрлі ауру қоздырғыштарымен тиімді күресе алатындықтан олар жиі ауырады және артық салмақтан сирек зардап шегеді.

Спорт-депрессиядан арылуға ең жақсы құрал деп бекерге айтылмайды, себебі мәселелер мен жайсыздықтардан уақытша аулақтатуға көмектеседі және оларға басқа бұрыштан қарауға мүмкіндік береді.

Біздің «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалымызда бос уақытын спорт кешенінде өткізетін және салауатты өмір салтын жүргізетін әріптестіріміз көп. Олар ешқашан ауырмайды, жақсы физикалық формада, әрқашан жақсы көңіл күйде, әрқашан жаңа биіктіктер мен жетістіктерді бағындыруға дайын.

2017 жылғы 18 қарашада «ССК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының құрылымдық бөлімшелері арасында мини-футбол бойынша жарыс өтті. Жарыс «Көкшоқы» спорт кешенінде өткізілді.

Жарыс айналма жүйесі бойынша өткізілді, 4 команда катысты. Бірінші минуттан бастап Автошаруашылықтың командасы алдыға шықты, бірақ қарсыластар жеңілуді ойламаған еді. Финал ойынының екінші таймында Қаута тиеу базасының командасы жеңіске ниеттенді, дегенмен жеңісті мықты команда жеңіп алды, ойын 5:4 есебімен Автошаруашылықтың пайдасына шешілді. Жол-пайдалану учаскесінің командасы 3-ші орынды, Персоналдың әкімшілік-басқарма командасы 4-ші орынға иеленді.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мадақтама қағаздары мен дипломдармен марапатталды.

Қызықты ойын, керемет көңіл күй сыйлаған топтарға ерекше ризашылық білдіреміз. Біздің спортшыларымызға биік спорт жетістіктері мен мықты денсаулық тілейміз!

 

 

 

 

 

 

Мадиева Гүлнүр Байдүйсенқызы

«СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» филиалының

Кадр дайындау жөніндегі маманы