Бос лауазымның атауы: Cатып алу бөлімінің маманы
Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша
Түйіндемелерді қабылдау 2017 жылдың 12 мен 25 қазаны аралығында жүзеге асырылады.
І."Лауазым туралы ақпарат":
Лауазымдық міндеттері:
- тиісті бұйрықтарды бекіту арқылы ашық тендер әдісімен сатып алуларды ұйымдастыру, хабарландырулар орналастыру, қажетті хаттамалар рәсімдеу және орналастыру;
- тиісті бұйрықтарды бекіту арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуларды ұйымдастыру, хабарландырулар орналастыру, қажетті хаттамалар рәсімдеу және орналастыру;
- тиісті бұйрықтарды бекіту арқылы бір көзден алу тәсілімен сатып алуларды ұйымдастыру, ілеспе құжаттарды (бағаларды есептеу және т. б.) ресімдеу;
- әлеуетті өнім берушілердің құжаттарын қарау, жүргізілген сатып алулар мен заңнамалық актілерінің талаптарына сай сәйкестігін шығару тәсілі;
-барлық қажетті ақпаратты (хабарландыру, хаттамалар, есептер және т. б.) веб-сайттарда: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК » АҚ орналастыру;
-жүргізілген сатып алулар бойынша тиісті есептілікті қалыптастыру және жолдау;
-сатып алу жүргізу барысында өнім берушілер тізілімдерінде мониторинг болуын қамтамасыз ету (сенімсіз, адал, тауар өндірушілер, мүгедектер ұйымын, жалған кәсіпкерлік және т. б.);
-ақша құралы бар болуын тексеру бойынша өтінімдерді құжаттарға енгізу туралы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС жауапты бөлімшесімен бірлесіп қамтамасыз ету;
- сатып алуларды ұйымдастыру бөлімінде құрылымдық бөлімшелерді қолдау.
ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:
Білімі: Жоғары білім - Қаржы / Экономика /Юриспруденция
Тілдерді меңгеруі: Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.
Компьютермен жұмыс жасау дағдылары: ПК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office бағдарламаларын еркін меңгеру.
Қосымша талаптар - іскерлік хат жүргізу, кеңселік қамтамасыз ету бағдарламасымен жұмыс істеу, деректер базасы–ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу .
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде «Сатып алу бөлімінің маманы лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovattk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме жолдау қажет.
Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен) «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.