Бос лауазымның атауы: «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы Әкімшілік бөлімінің менеджері

Бос лауазымның атауы: - «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы Әкімшілік бөлімінің менеджері 

Бос лауазымның атауы: «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы Әкімшілік бөлімінің менеджері 

Жалдау түрі: еңбек шарты бойынша

Түйіндемелерді қабылдау: 2017 жылдың 9 мен 22 қарашасы аралығында жүзеге асырылады.

 

І."Лауазым туралы ақпарат":

Лауазымдық міндеттері:

  1. Филиалдың Әкімшілік бөлімінің қызметкерлер басшылығын жүзеге асыру;
  2. Филиалдың шаруашылық шығындар сметаларын, ағымдағы жоспарларды әзірлеуге қатысу;
  3. Филиалдың әкімшілік және шаруашылық мақсаттарға бөлінген материалдар мен қаражаттарды жұмсауды бақылау;
  4. Қажетті шаруашылық материалдар қызметтерін көрсету шартын жасасу үшін құжаттарды ресімдеуді ұйымдастыру, сондай-ақ оларды жұмсауды есепке алуды жүргізу және белгіленген есеп беруді құру;
  5. «СКК» ЖШС басшылықтың тапсырмалары мен құжаттарын белгіленген мерзімде жүзеге асыруын орындалуды бақылау;
  6. Филиал қызметкерлерінің еңбек тәртібінің жағдайын жүзеге асыруды бақылау және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртіп ережесін сақтау;
  7. Қызметкерлердің қауіпсіздік ережелерін және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуін сақтау;
  8. Өткізілетін кеңестер, конференциялар, семинарлар және басқа да іс-шараларға шаруашылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
  9. Филиал басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауын қамтамасыз ету.

 

ІІ.Үміткерге қойылатын талаптар:

Білімі: Жоғары кәсіптік білім- Экономика/ Қаржы/ Менеджмент/ Заңтану

Тілдерді меңгеруі:  Қазақ тілі - еркін, сауатты. Орыс тілі – еркін, сауатты.

Компьютермен жұмыс істеу дағдысы: ДК тәжірибелі қолданушы, Microsoft Office бағдарламаларын тамаша білу.

Қосымша талаптар–Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білу , мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін лауазымы, сондай-ақ сондай-ақ лауазымы бойынша функционалдық міндеттер орындалуына қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі - мамандығы бойынша еңбек өтілі (жоғары оқу орнында оқу уақытын есепке алмағанда) функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін облыстарда лауазымында кемінде 3 (үш жыл) немесе кемінде 1 (бір) жыл Серіктестікте немесе  «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ жүйесінде жұмыс істеуі .

Таңдау рәсіміне қатысу үшін хабарлама тақырыбында міндетті түрде ««Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нің «Оңтүстік» филиалы Әкімшілік бөлімінің менеджері лауазымына орналасу» деп көрсетіп, Babilkasovaatttk.kazatomprom.kz электрондық мекенжайына түйіндеме  жолдау қажет.

Ескерту: бос лауазымдарға иелену үшін үміткерлердің таңдау рәсіміне қатысуымен байланысты шығындарды «СКК» ЖШС өтемейді. Үміткер түйіндеме жолдай отырып, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V (24.11.2015 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)  «дербес деректер және оларды қорғау туралы» заңнамасына сәйкес жеке деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісімін береді.