Бүгінгі таңда автомобиль көлігі Қазақстан Республикасындағы өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлігін құрайды. Уақтылы экономика шарттарында жүк тасымалына ерекше орын бөлінген. Тұрақты тауар ауысымы өңделген көлік тасымалдау механизмдерінің қатысуынсыз мүмкін емес. Уран өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты шашыраңқы орындарда бөлек автокөлік учаскесін ұстау тиімсіз болды. Нәтижесінде автошаруашылықтардың кейбірін біріктіріп, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының ішінде біртұтас логистикалық желі құру шешімі қабылданды. Бұл РУ-6 автошаруашылығының, Орталық кен басқару автошаруашылығының, Степной кен басқару автошаруашылығының және «Тау-кен компаниясы» ЖШС-нің МТҚД-ін біріктіру жолымен іске асырылды. Жаңа Компания 2006 жылғы 10 сәуірден бастап өз қызметін бастады. Басты мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындары жүйесін уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету және көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді бақылау және жедел басқару болды. Содан бері де 10 жыл өтті. Тәжірибе автомобиль тасымалы көптеген нұсқалардың ішіндегі ең үнемді альтернатива екендігін көрсетті. Тұтастық пен жүктерді уақтылы жеткізу осы стратегияның басты сипаты ретінде. Сонымен қатар, бағыттың кез-келген учаскесінде жүкті бақылау мүмкіндігі маңызды фактор.
10 жылдық тарихында, Компания жақсы нәтижелер көрсетті. Қызметін бастаған уақыттан бері «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС қызмет көрсету көлемін едәуір ұлғайтты, 2006 жыл мен 2015 жыл аралығында өндіріске жалпы инвестиция (2030 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының уран өндіруші кәсіпорындары жүйесін материалдық ресурстармен тұрақты қамтамасыз ету бағдарламасын қоса есептегенде) 27 млрд.теңгені құрады. Қызмет көрсету көлемінің артуымен қатар жұмыскерлердің құрамы да едәуір өсті, автотехникалардың көлемі ұлғайды. 2010-2015 жылдар аралығында 332 шақырым автокөлік жолы пайдалануға берілді, жалпы жолдың ұзындығы 455 шақырымды құрайды. Сонымен бірге, осы аралықта өндірістік ғимараттар салынды, «СКК» ЖШС автошаруашылықтарының цехтары мен тұрақтарында күрделі жөндеу жүргізілді, «ОАТБ» және «СКК-Шиелі» филиалдарында күн батареялары (фотоэлектрлік модулдер) монтаждалды, іске қосылды және жөнделді.
Одан бөлек, 2015 жылы 527 млн.теңгеге автокөліктер сатып алынды. Оның нәтижесі қосалқы құралдар мен жөндеу шығындарын үнемдеуге әкелді. Бұл Компанияның серпінді өсуі жайында, әрбір жұмыскердің сапалы жұмысы, жедел қабылданған шешімдері туралы айтады. Осының барлығы жоғары білікті мамандардың, табысты орынбасарлар мен филиалдардың басшыларының еңбегі екендігін ескермеуге болмайды.
Бүгінгі таңда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да трансформация бағдарламасы белсенді іске асырылуда, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де «Автошаруашылықтардың тиімділігін арттыру үшін шешімдер әзірлеу» жобасы табысты жүзеге асырылды. Аталған жобаны іске асыру қызмет пен көлік учаскелері шығындарына, оның ішінде ЖЖМ, шиналар, аккумулятор батареяларын және қосалқы бөлшектерге жоғалған басқарушылық бақылауын ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, әр көлік учаскесінің шығыстар мен кірістеріне ай сайынғы жоспарлау жүйесі енгізілді. Бұл шешімдер АТП-3000 бағдарламасы арқылы автоматтандырылды. Кәсіпорын жұмыскерлері көлік учаскелерін жаңа, заманауи сипаттағы басқару жұмысына оқытылды. 2015 жылдың қорытындысы бойынша 180 млн.теңге көлемінде үнемдеуге қол жеткізілді. Одан бөлек, шығыстарды оңтайландыру үшін «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС тасымалдау базалары қызметінің аудиті және автоматтандыру үшін оның бизнес-үрдістерін толық жете суреттеуге алдағы жұмыс жасалды. 2016 жылы тасымалдау базаларының әзірленген шешімдерін автоматтандыру, сонымен қатар бөлек учаскелерді бюджеттеу жүйесін бірегей есептілік қорына шоғырландыру жоспарлануда. Трансформация бағдарламасы аясында «СКК» ЖШС бекітілген Логистиканы автоматтандыру бойынша жол картасына сәйкес, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Трансформация департаменті және Ақпараттық технологиялар департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіп жатқандығын ескерткіміз келеді. Бағдарламаның мақсатына жету үшін тек нақты бастамалар қатарын енгізу емес, сонымен бірге барлық қызығушылық танытқан жұмыскерлердің ойлау үлгісі мен мінез-құлық нормаларын өзгерту қажет.
10 жылда жеткен Компанияның барлық жетістіктері үшін белсенді жұмыскерлері Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапатталды. Компания басшылығы «Қазақстанның ядролық қоғамы» ассоциациясынан «Қазақстан Республикасының атом саласына еңбек сіңірген қызметкері» атты Құрмет грамоталарына лайық болды. Өз кезегінде, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы Компанияның дамуына елеулі үлес қосқан жұмыскерлерді Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен құрметтеді.
Компанияның он жылдығына орай, «СКК» ЖШС «СКК-Шиелі» және «ОАТБ» филиалдарында концерттік бағдарламасымен мерекелік жиындары өтті. Компанияның Бас директоры мерекелік жиында филиалдардың лайықты жұмыскерлерін Алғыс хаттармен, Құрмет грамоталарымен марапаттады. Одан бөлек, салтанатты жиынға Әкімшілік пен «Нұр Отан» партиясының өкілдері қатысты. Шиелі ауданы мен Таукент кентінің әкімдігі атынан филиалдардың жұмыскерлерін Грамоталармен және Алғыс хаттармен марапаттады. «СКК» ЖШС он жылдығына орай салтаннатты жиынға белсене қатысқан «РУ-6» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-Sauran» ЖШС, «Жоғары технологиялар институты» ЖШС, «Геотехносервис» ЖШС, «Реммонтажсервис» ЖШС жетекшілері шақырылды. Әсем әндер шырқалып, көптеген би түрлері қойылған концертті жұмыскерлер рахаттана тамашалады.
Жалпы алғанда, Компанияның алдында үлкен міндеттері тұр және келешегі зор жас ұжыммен ұлкен жетістіктерге жететініміз анық. «СКК» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның алдына қойған – дүниежүзілік атом саласында көшбасшы болу бағдарламасының бөлінбес бөлігі болып табылады!!!
Материалды дайындаған:
ӘКБ маманы
Зарина Нурбаева