БАЛАЛАР СУРЕТТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

Жыл сайын жаздың алғашқы күні Халықаралық балаларды қорғау күні тойланады. «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалында жұмыскерлердің балалары үшін «Балалар суреттерінің байқауын» ұйымдастыру дәстүрге айналған. Байқаудың мақсаты мен міндеті –  балалардың бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру, шығармашылық елесін дамыту, өздігінен даму және өздігінен жетілуге талаптандыру болып табылады.

«Атом саласы жұмыскерлерінің кәсіподағы» ҚБ ұйымдастыруымен өткен балалар шығармашылығының байқауына ұсынылған суреттердің көркемдігінде шек жоқ. Балалар қиялының шарықтауына тек қызығуға болады. Еліміздің тәуелсіздігінің 25-жылдығын мерекелеу аясында бейнелеу үшін «Мен Қазақстанды саламын», «Біз – еліміздің лайықты болашағымыз», «Тәуелсіздігімізге 25 жыл» секілді  сәйкесінше тақырыптар берілді.

Конкрус үш номинация бойынша өтті. Бірінішісі – 8 жасқа дейінгі балалар арасында, екінші номиницияда – 8 жастан 11 жас аралығындағы балалар, үшінші номинация – 11 жастан 15 жас аралығын қамтыды. Әділқазылар төрелігіне 54 сурет ұсынылды. Оның әрқайсысы өздігімен ерекшеленеді. Әділқазы мүшелеріне жеңімпаздарды анықтауда қиындық туындады, себебі әр баланың туындысы өзінше көркем еді.

Осындай сынды мерекелерді ұйымдастырып отыру қажет. Біздің балаларымыз көшеден, компьютерлік ойындардан да өзге қызықты дүниелер бар екендігін түсінулері керек. Одан басқа, осындай байқауларда балаларымыз өз таланттарын көрсете алады. Байқау соңында бірнеше қатысушылар жеңімпаз атанды.

Жүлделі орынды иеленген жас суретшілерше дипломдар мен естелік жүлделер тапсырылып, ал олардың жұмыстары арнайы ұйымдастырылған көрмеге ұсынылады.

Өз балаларымыздың бақытты жүздерін, күлкілері мен жеңістерін көргеннен артық бақыт жоқ секілді.

 

 

 

 

    «СКК» ЖШС «ОАТБ» филиалының  

ҚЖБ басшысы

Жалмаханова Мәншүк