Бас директордың Экономика және қаржы жөніндегі орынбасары
Функционалдық міндеттері: Бизнесті дамыту стратегиясының негізгі басымдықтарына сәйкес және нарық талаптарын ескере отырып, «KAP Logistics» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) қаржылық тұрақтылығын қолдау, пайданы барынша арттыру және Серіктестіктің стратегиялық көрсеткіштерінің нысаналы мәндеріне қол жеткізу үшін экономика және қаржы саласындағы саясаттар мен стратегияларды айқындайды және іске асырады. Жетекшілік ететін блоктың жұмысын жақсарту және оңтайландыру жөніндегі жобаларды бақылайды, Серіктестіктің Қадағалау кеңесіне/қатысушыларына, мемлекеттік органдарға, инвесторларға және басқа да мүдделі тараптарға Серіктестік қызметінің барлық аспектілері бойынша толық, анық, сапалы қаржылық және басқарушылық ақпарат беруді қамтамасыз етеді.
Білімі: Қазақстан-Ресей университеті «Экономика» мамандығы (2005 жыл), Астана қаласы; И. М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы (2011 жыл), Мәскеу қаласы.
Еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі 18 жылдан астам. Еңбек жолын 2005 жылы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-нан бастады және 2016 жылға дейін маман, талдаушы, басқарушылық есептілік бөлімінің басшысы, логистика, сатып алу және жергілікті қамту департаментінің бөлім басшысы, Барлау және өндіру активтерін басқару департаментінің бөлім басшысы лауазымдарын атқарды.
2016 жылдан 2023 жылға дейін «АЛМЭКС ПЛЮС» Фирмасы» ЖШС МТЖБ басшысы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы, соңғы атқарған лауазымы - Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор.
«KAP Logistics» ЖШС Қадағалау кеңесінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 17 шешімімен «KAP Logistics» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.