Жусабеков Арслан Бултабайұлы

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Функционалдық міндеттері: «KAP Logistics» ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) Жарғысына, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Серіктестіктің Даму бағдарламасына сәйкес, Серіктестіктің өндірістік саясаты мен даму бағыттарын, қолданыстағы өндірісті қайта құру және техникалық қайта жарақтандыру, қолданыстағы жабдықтар мен техниканы жаңғырту және біріздендіру жолдарын айқындайды, ресурстарды ұтымды пайдалану, шығындарды азайту, өндірістегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Трансформация бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрақты жақсартуларды енгізу, инновациялық тәсілдер, өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу және өсу, өндірілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі мақсатында тәуекелдерді басқару жолымен Серіктестіктің өндірістік бағдарламасын орындауға жауапты болады.

Білімі: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, «Металлургия» мамандығы (2013 жыл); «Тұран-Астана» Университеті, «Экономика» мамандығы (2015 жыл).

Еңбек жолы: Жалпы еңбек өтілі 9 жылдан астам. Еңбек жолын 2014 жылы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-нде Өндірістік-техникалық басқарма маманы болып бастады, 2017 жылы Өндірістік-техникалық басқарма көліктік логистика бөлімінің басшысы болып ауыстырылды, 2018 жылдан 2023 жылдың тамызына дейін Өндірістік-техникалық басқарма басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

«KAP Logistics» ЖШС Қадағалау кеңесінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 17 шешімімен «KAP Logistics» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.