Біз туралы

«KAP Logistics» ЖШС 2006 жылғы 10 сәуірде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің кәсіпорындарын уақытында материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді жедел басқару және бақылау тиімділігін арттыру мақсатында құрылды.

Компанияның Құрылтайшылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (94,0982 %), «Қаратау» ЖШС (0,0001 %), «Қазатомөнеркәсіп – SaUran» ЖШС (5,3987%), «РУ-6» ЖШС (0,5030 %) болып табылады.

«KAP Logistics» ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындар үшін олардың айлық өтінімдеріне сәйкес темір жол, автокөлікпен тасымалдау және жүктерді өңдеу қызметтерін жүзеге асырады.

Қазіргі уақытта «KAP Logistics» ЖШС құрылымына төмендегілер кіреді:

  1. Түркістан облысы Созақ ауданы Таукент кентіндегі «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы» филиалы;
  2. Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан «Шиелі-Сұңқар» филиалы;

Бүгінгі таңда Компанияда 1450 қызметкер жұмыс істейді.

Қызметтердің басты тұтынушылары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Түркістан және Қызылорда облыстарында орналасқан уран өндіруші кәсіпорындары болып табылады. Олар: «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС мен «РУ-6» ЖШС, «Орталық» ӨК ЖШС еншілес кәсіпорындары. «Катко» БК» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» АҚ, «Аппақ» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС, «ОТХК» БК» ЖШС, «Буденовское» БК ЖШС бірлескен кәсіпорындары.

Компания қызметін басқару және оның Қатысушыларының құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын бақылайтын келесі органдары бар:

  • Жоғарғы орган – Қатысушылардың Жалпы жиналысы;
  • Қадағалаушы орган – Қадағалаушы кеңес;
  • Атқарушы орган – Бас директор.

Компания қызметінің мазмұны келесі қызметтерді атқару болып табылады:

  • Өзге негізгі органикалық емес химиялық заттарды өндіру;
  • 1 категориялық стационарлық сауда объектілерінен өзге, тұрғын емес жайлардың құрылысы;
  • Жолдар мен атвомагистральдар салу;
  • Құрылысты, қалпына келтіру, жөндеу және қолдану, халықаралық және республикалық маңызды жалпы қолданыстағы автокөлік жолдарындағы  (учаскелердегі) ақылы қозғалыс, сондай-ақ оларды ағымдық жөндеу және күту;
  • Ғимараттарды бөлшектеу және құлату;
  • Өзге құрылыс-монтаждау жұмыстары;
  • Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
  • Кең сұрыпты тауарларды саудалау бойынша агенттердің қызметі;
  • Автокөлік бензинімен көтерме сауда;
  • Дизельді отынның көтерме саудасы;
  • Жанғыш мазуттың көтерме саудасы;
  • Өзге отынның көтерме саудасы;
  • Жүк темір жол көлігі;
  • Автобустармен тасымалдау;
  • Автомобиль көлігімен жүк тасымалдау;
  • Егіннен өзге тағамдық емес тауарларды қоймалау және сақтау;
  • Темір жолдарды пайдалану;
  • Жүктерді көліктік өңдеу;
  • Көлік-экспедициялық қызметтер;
  • Меншіктегі жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіппен алынған лицензия негізінде барлық қызмет түрлерін жүзеге асырады.

Компания құрылған күнінен бастап, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындары жүйесін басты тауар-материалдық құндылықтармен үздіксіз қамтамасыз ету және жеткізу үшін бар күшін салып, өзінің барлық бағыттағы мүмкіндіктерін кеңейте отырып, батыл дамып келеді.