Компания тарихы

Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның кәсіпорындары жүйесін уақтылы материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен көлік-экспедициялық қызмет көрсетуді  бақылау және жедел басқаруды арттыру үшін құрылды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ алдына қойған мақсаты – әлемдік атом өнеркәсібінде көшбасшы болу бағдарламасының ажырамас бөлігі болып табылады. «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС атауы «KAP Logistics» ЖШС болып өзгертілуіне байланысты, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде заңды тұлға болып қайта тіркелді.

Компанияның құрылу мақсаты - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесіндегі кәсіпорындарын жүктерді тасымалдау және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. Уранды өндіру көлемі мен кен орнын игеру учаскелерінің артуын ескере отырып, әр кәсіпорында өз автокөлік учаскелерін құру қолайсыз болды. Осыған байланысты, 2006 жылдың 10 сәуірінде «СКК» ЖШС құрылды. «СКК» ЖШС «Тау-кен компаниясы» ЖШС-гі Орталықтандырылған автотасымалдау базасы филиалының базасында Кен басқармасының №12 автошаруашылығы, №4 автошаруашылығы мен Кен басқармасының №6 көлік-қойма учаскесі және «Тау-кен компаниясы» ЖШС-нің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің қосылуы жолымен құрылды.